В Осакаровке:  -19°C , Влажность 51%, Давление 722, ветер 4 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Экстремистік көзқарас-діни сауатсыздықтан туындайды

Экстремистік көзқарас-діни сауатсыздықтан туындайды

         Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтор беттерінен шетелдердегі және еліміздегі діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм такырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

         Діни экстремизм мәселесі елімізді, оның ішінде  біздің облысымызды да айналып өткен жоқ.

Тәуелсіздік алғалы бері халықтың басым бөлігі исламға бет бұруы дәстүрлі ата дінімізге деген үлкен сұраныс туындатты. Сол кездегі қажетті мамандардың жетіспеуі салдарынан ұлты, діни ұстанымы жат ислам мамандары мен уағызшылары елге ағылды. Олардың арасында радикалды бағыттағы топтардың өкілдері де аз болмады. («Хизбут Тахрир», «Таблиги жамағат», вахаббистер және т.б.). Соның салдарынан тұрғындар арасында, әсіресе  жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкелді. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуінің тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталған мәселенің алдын-алу кезек күттірмейтін шара. Бұл бағытта заңдар қайта қаралып, толықтырылып, арнаулы орталықтар құрылды. Аудандағы барлық құқыққорғау мен жергілікті атқару органдары тарапынын нәтижелі іс-шаралар өткізілуде және ақпараттық түсіндіру жұмыстары де мейлінше күшейтілді.

          Алайда күштік құрылымдардан бұрын бұл індетпен күресте жалпы қоғамның белсендігінің, сондай-ақ діни экстремизммен күресте  ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан тұрады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу де діни сауаттылықтың бір ғана қыры.

         Ең бастысы – терроризм, экстремизм сияқты қауіп-қатерге төтеп беріп, тиімді қарсы тұрудың шарты – ол қоғам мен биліктің өзара келісімі, халықтың бірлігі.  Ел бірлігі шайқалып, түрлі себептермен іштей бөлініп, жіктеліп отырған қоғам, ел, мемлекет қана осындай қауіптің құрбанына айналатыны сөзсіз.

         Сондықтан-да, басқа да қазіргі заманның сынақтары мен қатерлеріне қарсы тұру үшін – ең алдымен қоғамның жіктелуіне, бөлінуіне жол бермеуіне және де зұлымдықпен күрес тек мемлекеттік органдардың парызы емес – ол әрбір қазақстандықтың міндеті болуы шарт.

 

                                                        Осакаров аудандық прокуратурасы

 


Дата редактирования: 26 Мая 2017 18:02

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»