В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Абайланыз мұз

Абайланыз мұз

 

Алғашқы аязды күндер басталып, күннің ызғары күшейе түсті. Алғашқы қар, аязды күндердің нәтижесінен су бетінде мұз түзіледі.   Бұл мұздан суат ойып, балық аулауды қызығушылықтарына балаған балықшылар үшін керемет кезең. Дәл осы кезеңде балықтардың жемтікке іліну белсенділігі арта түседі. Өзендер мен су айдындарында дәстүрге сәйкес осы уақытта балықшылардың саны арта түседі. Алайда, өкінішке орай, қызығушылыққа түскен олар қауіпсіздік ережесін ұмытады, қарапайым сақтақы шараларына назар аудармайды. Ал бұл жайттар өмірлеріне қауіп тудыруы әбден мүмкін.

Осакаров ауданы аумағында мұз түзілу кезеңінен бастап су айдындарында 4 оқиға тіркеліп, 7 адам зардап шекті, 4 адам суға батты.

Судағы адам қазасын алдын алу мақсатында Осакаров ауданының ТЖ бөлімі мүдделі органдармен бірлесе отырып,  тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Осындай рейдтік тексерістің бірі Осакаров ауданының ТЖ бөлімі және «Қазсушаруашылығы» РМК «К.Сатпаев атындағы канал» ҚТБ филиалы қызметкерлері, жергілікті полиция қызметімен бірлесе2016 жылдың 12-13 қараша күндері К.Сатпаев атындағы каналда жүргізілді. Рейдтік тексеріс барысында балықшылармен мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері юойынша әңгімелесулер жүргізіліп, 40 хабарламалы парақша, бүктеме және тақырыптық жадынамадар таратылды.

Айта кететіні балықшылардың бірде біреуінде қауіпсіздік құралдары болмаған.

Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Осакаров ауданы ТЖБ-і азаматтардың суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді:

–балық аулауға шығар алдында ұялы қалта телефондарының қуат көздерін кернеп алуларын;

– болашақ орналасу орындарын жақындарына ескертіп кетуін;

– суға шығарда құтқару кеудешелерін киіп алуларын;

– ішімдік сусындарымен шектен тыс әуестенбеуін.

Ескерте кететіні, судың жылу алмасуы ауадан қарағанда 27 есе жоғары, сондықтанда суда адам денесінің температурасы, ауаға қарағанда әлде қайда тез төмендейді.  

Сонымен қатар, адам суық суға бірден түскенде, суықтық ықпалынан тамыр және тыныс органдарының тартылу нәтижесінен қайтыс болып кетуі әбден мүмкін.

 Төтенше жағдайлар болғанда  бірынғай  «112»құтқару телефонына қонырау шалыңыздар.

 

 

 


Дата редактирования: 14 Ноября 2016 09:14

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»