В Осакаровке:  0°C , Влажность 55%, Давление 716, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Су басу қаупінде және су басқанда әрекет ету ережесі

Су басу қаупінде және

су басқанда әрекет ету ережесі

 

Су басу – бұл елді мекендердің аулаларына,                                                                              көшелеріне және ғимараттардың бірінші қабаттарына ағып, жердің бетін су қабатының жабуы.

 

Су басу қаупі туралы ескерту алсаңыз, ол туралы жақындарыңызға және көшілеріңізге хабарлаңыз. Ескерту су басудың уақыты мен шегі, әрекет ету ережелері, көшіру орындары және тәртібі туралы ақпараттан тұрады.  Көшу алдында электр қуатын, газды ажыратып, пештегі отты сөндіру, жоғарғы қабаттарға (шатыр астына) бағалы заттарды, азық-түлікті, тұздалған азық-түлікті, су қорын апару, сондай-ақ бірінші қабаттың есіктері мен терезелерін жабу қажет немесе тақтаймен бекіту керек. Үй жануарларын, малдарын және құстарды су басу аймағына жатпайтын ауданда тұратын таныстарыңызға және жақындарыңызға апарыңыз.

 

Көшірудің басталуы туралы белгі алғанда өзіңізбен бірге құжаттарды, ақшаларды, бағалы заттарды, дәрі-дәрмектерді, киім және аяқ киім жиынтығын, бірнеше күнге  азық-түлік және су қорын алыңыз. Күтпеген су басу кезінде жақын арадағы биік (қырат) жерге орналасыңыз және сумен көшуге дайын болыңыз. Құтқарушылардың назарын аудару үшін тәуліктің күндізгі уақытында биік жерде жалау (мата) іліп қойыңыз, ал қараңғыда – жарықпен белгі беріңіз.

 

Егер Сіздің үйіңіз су басу аймағында болса:

 

-         газ, су және электр қуатын ажыратыңыз;

-         пештегі отты сөндіріңіз;

-         жоғары қабаттарға, шатыр астына бағалы заттар мен нәрселерді апарыңыз;

-         терезелер мен есіктерді жабыңыз.

 

Су басу аймағынан көшіру туралы ескерту алсаңыз:

-         жылы ыңғайлы киім, етік, көрпе, бағалы заттарды дайындаңыз;

-         үш күндік азық-түлік қорын жинаңыз;

-         қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз;

-         су болмайтын пакетке төлқұжатты және басқа да құжаттарды ораңыз;

-         өзіңізбен бірге тазалық құралдарын алыңыз;

-         барлық заттарды арқа қоржынына, чемоданға немесе сөмкеге салыңыз.

 

Су қайтқаннан кейін үзілген және ілініп тұрған электр сымдарынан сақтаныңыз, суға түскен азық-түлікті пайдалануға және тиісті санитарлық тексерусіз су құбырынан суды қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Ауыз суы бар құдықтардан ластанған суды сорып шығару арқылы құрғату қажет.  Электр қуатын, газды, су құбырын тиісті мамандар тексергеннен соң пайдалану қажет.

 

Сіздің үйіңізді судың баспауы үшін не істеу керек?

-         дер кезінде ауланы қардан тазарту;

-         жақын маңдағы жылғаларды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазалау;

-         аула ішінде су ағатын орлар жасау;

-         қаптарды, құмдарды, топырақтарды дайындау;

-         үй аумағын үйіп жабу жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

«Осакаров ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» РММ

 

 

 


Дата редактирования: 23 Февраля 2017 10:45

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»