В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Тұрғындарға ақпарат

 

Балалардың өмір қауіпсіздігі үшін!

 

Осакаров ауданының білім мекемелері жыл сайын бірнеше мәрте тексерістен өтеді. Тексерістердің өзі тексерістік-бақылау шараларының кең ауқымын қамтиды, Осакаров ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері жалпы білім беретін мекеме басшыларына олардан талап етілетін мәселелерді жан-жақты түсіндіреді.

Сонымен қатар, ТЖ бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес білім беру объектілерінде өрт қаіпсіздігіне байланысты оқу жаттығулары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Осындай іс-шара 2015 жылдың 26 қарашасы күні Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №26 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілді. Жаттығу Қарағанды облысы ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ Молодежный кентінің №38 өрт сөндіру бөлімі тарапынан өрттік-техникалық оқытулар өткізумен жүзеге асырылды.

Шараның негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің, мұғалімдердің және мектеп қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайда балаларды тасымалдау кезіндегі сауаттылықтары мен шұғыл әрекет етулерін тексеру.

Жаттығу белгіленген сызба арқылы жүргізілді: сабақ жүріп жатқан уақытта автоматты өрт дабылы іске қосылады, бұл тасымалдау басталатын уақыт. Осыдан кейін дереу барлық шығу есіктері ашылады, мұғалімдер сыныптардан және ғимараттан оқушыларды түгелдей шығарады, оларды мектеп ауласында сапқа жинап, санап шығады. Жаттығу барысында уақыт есептеледі, өрт жағдайында педагогтердің, мектеп қызметкерлерінің, оқушылардың әрекеттері ретке келтіріледі. Оқушылармен өрт қауіпсіздігі туралы оқытулар, мұғалімдермен нұсқаулықтар жүргізілді.

Осакаров ауданының ТЖ бөлімі тарапынантасымалдау жұмыстары аяқталғаннан кейін мектептің ұстаздар қауымының балаларды тасымалдаудағы әрекеттеріне оң баға берілді. Әсіресе, мектептің әр оқушысында тыныс алу органдарын қорғайтын дәкеден әзірленген таңғыштардың болуы қуантарлық жағдай.

Мектеп  ішінде өртті жою бойынша жұмыс жүргізген Молодежный кентінің өрт сөндіру қызметкерлері де сәйкестелген оң баға берді. Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет лейтенанты А.А.Утемисов атап өткендей,  мектептің жауапты тұлғалары балаларды мектептен тасымалдау жұмысын өте жоғары деңгейде орындап шықты, өрт сөндірушілерді  өрт орны жайлы баянат беру және қозғалысты үйлестіру арқылы нақты әрекетімен қарсы алды, сонымен қатар сырттағы өртке қарсы жабдықталған су қоймасын да көрсетуді естен шығармады.

Осакаров ауданы ТЖ бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Сулейменов Д.О. ауданның барлық білім беру мекемелері автоматты өрт дабылдары жүйесімен жабдықталғанын, барлық шығу есіктері қалыпты жағдайға келтірілгенін, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 3 жылда білім беру объектілерінде бірде-бір өрт оқиғасы тіркелмеген.

 

 

Осакаров ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы

өртке қарсы қызмет капитаны Абжанов М.С.


 

 

 

Біздің ауданымыздың шұғыл континентальды климатының суыту қаупі кез келген жыл мезгілінде, әсіресе қыста адамдарға қауіп төндіреді.
- қырағы болыңыздар, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты қадағалап, үйден шығар алдында термометрге қараңыздар немесе қоршаған табиғатты бақылаңыздар; - ауа райына сәйкес киініңіздер, артық киім алып жүріңіз. - түнгілікте және ауа райы бұзылып тұрғанда жолға шықпаңыздар! - суық ауа райында, әсіресе қатты аязда өзіңіздің хал-жайыңызды бақылауда ұстаңыз, жалпы денеңізді және жеке бір жеріңізді тоңазытып алмаңыз. Ең жиі тоңазуға душар болатын құлақ, мұрын, аяқ-қол, саусақ, бармақ бастары.
Боран және күртік қар ерекше қауіпті болып табылады, әсіресе үйінен алыстағы, жол үстіндегі адамдар үшін:
- егер де жолда бірнеше адам бірге болса (бірнеше көлікпен), барлығы бір жерге жиналып, паналауға бір көлікті пайдаланып, міндетті түрде қозғалтқыштың суын ағызып жіберу керек. - паналаған көлікті тастап кетуге болмайды, қатты боранда бағытты жоғалтып алу мүмкін. - көліктің капотын желге қарсы орналастыру керек, барынша жылы киіп, жанармайды үнемдеп, пешті үздіксіз жақпаңыз. - мезгіл-мезгіл есіктердің біреуін ашып отыру керек, сіздерді салонның сыртынан қар бітеп қалмас үшін күртік қарды жылжытып, құлатып отыру қажет. Бұл есікті авариялық шығыс үшін қолдануға болады. - егер де сіз көлік салонын жылыту үшін қозғалтқышты қоссаңыз, онда мезгіл-мезгіл далаға шығып және шыққан газ көліктің астына кетпей атмосфераға кету үшін газ шығатын түтікті қазып шығарыңыз. Мотор жұмыс істеп тұрғанда бөлінетін пайдаланылған газ көлік салонына бірте-бірте жиналса, ол сізді ең сұрапыл аяздан едәуір бұрын өлтіреді.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сізде ең аз дегенде қосалқыны санағанда бес доңғалақ бар, олар кез келген ауа райында жаман жанбайды.
Жүруге шешім қабылдасаңыз, асфальт пен трассаны ұстаныңыз: оларды қар аз басады және оларда жиек бар, сол арқылы бағыт ұстауға болады.
Суықтан жарақат алатындай жағдай туғызбаңыз. Қонақта кешігіп қалмаңыз, ішімдікті артық пайдаланбаңыз, ол қауіп-қатер факторын арттырады, реакцияны мұқалтады, қате шешімге әкеп соғады және жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді.
Тоңазыған жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету дағдысын игеріңіз.

 

БҰНЫ БАРЛЫҒЫ БІЛУІ ҚАЖЕТ!
Азаматтық қорғаныс сигналы
Осакаров ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!: Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аударуға қосылатын «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға тиіс. "Баршаның назарына!" дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта болуы мүмкін: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апатты, химиялық, радиоактивті жұқтыруды, стихиялық ауыртпалықтарды, әуе қауіп-қатерлерін және басқа да адам өміріне қауіп тигізетін төтенше жағдайларды, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлардың мүмкіндігі, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында. Сөйлеу арқылы берілетін ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі. Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу ақпаратын дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңізге естімеген болар, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қанқу сөздің болдырмауын қадағалаңыз!

 

Абайланыз газ!
Сұйытылған газдар жарылғыш шегі төмен, газ-ауа қоспасының тұтану қабілеті бар газ болып келеді. Сұйытылған газдардың бөлмелерде немесе ашық алаңдарда бақылаусыз жануы адам өміріне қауіпті және салулардың бұзылуына келтіретін өртке себеп болу мүмкін. Жеке қондырғы деп 2 баллонан көп емес бір және екі қабатты ғимараттарды газбен жабдықтайтын газ шығыны көп емес қондырғы саналады. Сұйытылған газы бар баллондарды бөлмеден тыс жерге де, ішіне де орналастыруға болады. Баллонды тек кез келген газ шаруашылығында абонент болып тіркелген және газды плитаның соңғы тексерісі туралы жазуы бар абоненттік кітапшасы бар тұрғын сатып алуға болады. Сұйытылған газ қондырғыларын қауіпсіз орналастыру үшін қажет: тек жөн құралдарды қолдану және оларды тазалықта ұстау; қараусыз және түн уақытына жағылған газ құралдарын тастамау; газ құралдарын қолданған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабу; бөлменің ауасын жүйелі тазарту; газ құбырларына жіп байламау, баллондарға және газды плиталарына өту жолдарын бөгеп тастамау; газ шығуын айқындау кезде отты қолданбау, ол үшін тек қана сабын ерітіндісін қолдану; баллондарды жолаушы көліктерден, жеке үйлерден және кездейсоқ қоймалардан сатып алмау; егер баллонды орналастыру кезінде газдың шығуы айқындалса немесе басқа жөнсіздіктер анықталса, онда ол баллонды тұтынушыға орналастыруға болмайды; баллонды сатып алған кезде газ шаруашылығының атауы, баллонның нөмірін, газы бар баллонның салмағы, баллонды әкелген көліктің нөмірі көрсетілген чек немесе талон талап ету керек. Егер баллонның төлқұжат кестесі болмаса, кезеңді куәландыру мезгілі өтіп кетсе, 5%-тен көп бояудың қорғау қабаты бұзылған болса, атмосфералық тоттану, вентиль маховигінің бұзылуы немесе жоқтығы, жарықшақтардың, батқандардың болуы, газдың шығуы, “пропан” жазуының жоқтығы баллонның ақау екенін анықтайды.


Дата редактирования: 26 Мая 2016 16:15

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»