В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданында командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Осакаров ауданында командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

 

       2016 жылдың 25-26 тамызы аралығында Осакаров ауданында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындағанда немесе қауіпі төнген кезде басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері және тұрғындардың іс-әрекеті» тақырыбында командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

        Командалық штабтық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты басқару органдарының, аумақтық кіші жүйесі күштерінің ірі апаттар мен дүлей зілзалалардың алдын алуға және салдарын жоюға іс-әрекеттерге авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысындағы дайындығын тексеру, авариялық-құтқару қызметтерінің, әкімнің басқару бекеттерінің болуларын және дайындықтарын, сондай ақ олардың жабдықталғандығын тексеру.  

       Бұл игі іс-шараға аудан әкімдігі, аудан мекемелерінде құрылған  азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары және басқа да мүдделі органдар бір адамдай қатысты. Оқу-жаттығу барысында Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлерінен құрылған  оқу-жаттығу басшылығы, штабы, бағалау тобы және облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінен құрылған делдалдық аппарат ауданның басқару органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарының бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардағы іс-әрекетін тексерді.

      Командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші күні басқару органдары мен ұйымдары басшыларының қатысуымен оларға жұмысқа дайындығын тексеруді айтып, сондай ақ міндеттерді қою туралы және басшы құрамын тестілеуді жүзеге асыра отырып, жиын өткізілді, электросирен құрылғыларының жұмысқа дайындығын тексеру жүзеге асырылды. Шұғыл әрекет ету құрама жасақтарының дайындығы тексерілді. 5 қабатты тұрғын үй құлаған кезіндегі атқарылған іс әрекет туралы арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, онда  инженерлік техниканы пайдалана отырып үйінділерді тасу, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, өртті барлау, өрт ошағын сөндіру жұмыстары атқарылды, сонымен қатар Молодежный кентіндегі қазандықта болған апатта авариялық-жөндеу бригадаларының іс-қимылдары бойынша және "Ақбұлақ", "Озерное" ауылдық округтердің аумағындағы пайда болған табиғи өрт кезінде ерікті өрт сөндірушілер құрылымдары мен өртке қарсы қызметтерінің іс-әрекеттерін пысықтау бойынша  арнайы-тактикалық жаттығулар өткізілді. Сондай ақ "Адамдар көп баратын нысандарда өртті сөндіру кезінде ұйымдастыру, эвакуациялау және өртті сөндіру" тақырыбы бойынша Осакаров кенті №1 орта мектебінде арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

      Оқу-жаттығудың екінші күні Есіл селосының аумағында "Эпизоотия ошағының пайда болуы, сібір язвасына күдікті" тақырыбында ауқымды іс-шаралар атқарылды, оған Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д.Күлшімбаев қатысты.

       Аудандық жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау, радиациялық-химиялық қорғау, өртке қарсы, медицина және байланыс қызметтерінің іс-әрекеттеріне оң баға берілгендігін айта кеткім келеді.

      Оқу-жаттығу соңында аудан әкімінің басшылығымен қорытынды жиналыс өткізіліп, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің Осакаров ауданы аумақтық кіші жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында, штаб басшылығы ақыл-кеңестері мен ұсыныстарын берді. Қорытындылай келе Осакаров ауданына жалпы «Дайын» деген баға берілді.


Дата редактирования: 01 Сентября 2016 12:22

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»