В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Кішкентай құтқарушы немесе қызықты күн

Кішкентай құтқарушы немесе қызықты күн

 

2016 жылдың 14 қаңтарында 08:28 сағатта Қарағанды облысы Осакаровка кентінің №37 Өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Мустафина М.М. атты азаматша үйінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама берді. Оқиға орнына кезекші қарауыл  шұғыл түрде шығып кетті. Кезекші қарауылмен мен де бірге оқиға орнына бардым.

Өрт болған жерде бізді абыржыған үйдің иесі Мустафина М.М. қарсы алды. Ол кісі бізге бірден өрт басталысымен үш баласын алып далаға қашып шыққаны туралы мәлімдеп берді және үйдін төбесі жанып жатқаны туралы ескертті. Өртті барлау нәтижесінде үйдін кіреберіс бөлмесінде орналасқан пештің маңындағы жалпы ауданы 7 м. кв. құрайтын қабырғалар мен төбесі жанып жатқаны анықталды.

Әрине бұл оқиғаны күнделікті орташа статистикалық адам шығыны жоқ қарапайым өрт деп те айтуға болады, бірақ та бұнда бір қызық бар.....

Меруерт Мустафина төрт баланың анасы. Ал жолдасы отбасы қамымен жиі үйде болмайды. Дәл осылай өрт болған күні Меруерттің жолдасы мен үлкен қызы үйде болмаған еді. Үйде тек 2010 ж.т. Милана, 2014 ж.т. Любовь және ең кішкентай 4 айлық Алишер қасында болған екен. Алишер болмағанда бұл оқиғанының қалай аяқталары беймәлім еді, кіп-кішкентай болса да өрт болып жатқаны туралы дабыл қағып, бәрін оятқан осы кішкентай батыр болып шықты.

Бұл жағдайды анасы баяндап берді. Мен 4 айлық батыр Алишерді көріп, қолынан ұстап, «Демек, кішкентай құтқарушы сен болып шықты ғой» дегенімде, жас сәби маған қарап жымиып күлді.

Өрт сөндіру бөліміне қайтып бара жатқанда, менің ойымнан сол Алишер кетпей-ақ қойды. – «Сондай кішкентай, өз отбасын өрттен құтқарды, ол нағыз ҚҰТҚАРУШЫ!»- деп ойладым.

«Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесі қарсаңында мен барлық құтқарушы әріптестерімді құттықтап, отбасы амандығын, мықты денсаулық тілеймін. Өмірлеріңізде қуаныш пен шаттық қанат жайып, ТЖ аман болайық!

 

 

 

 

ҚР ІІМ ТЖК

Қарағанды облысының ТЖД

Өрт сөндіру Кезекшілік қызметінің шұғыл кезекші көмекшісі азаматтық қорғаныс капитаны

Грибоедов Ю.Н.

 

 

 

 


Дата редактирования: 19 Октября 2016 17:18

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»