В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Балық аулау қателікті кешірмейді

Қазан айының 10 күні ішінде, 12-сі мен 22 күні аралығында Осакаров ауданы аумағында орналасқан 13-ші және 14-ші су тасымалдау станцияларына қатысты су қоймаларында 2 азамат суға кетті.

Осылай, 2016 жылдың 12 қазанында балық аулау кезінде 1977 ж.т. азамат Кышенко О.М. суға кетті. Денесі осы күнге дейін табылмады.

Іздестіру жұмыстары он күн бойы Қарағанды облысы ТЖД шұғыл-құтқару жасағымен жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 22 қазанында тағыда балық аулау кезінде 1947 ж.т. азамат Яковлев В.Б. суға кетті, денесі сол күні Қарағанды облысы ТЖД шұғыл-құтқару жасағымен жағалауға шығарылды.

Айта кететіні зардап шеккендердің және оқиға куәгерлерінің (балықшылардың) бірде біреуінде қауіпсіздік кеудешелері болмаған.

Осындай қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Осакаров ауданы ТЖБ-і азаматтардың суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауын сұрайды:

– балық аулауға шығар алдында ұялы қалта телефондарының қуат көздерін кернеп алуларын;

– болашақ орналасу орындарын жақындарына ескертіп кетуін;

– суға шығарда құтқару кеудешелерін киіп алуларын;

– суда жүзу құралдарының ақаусыздығын тексеріп алуларын;

– жүзуге арналған құрылғыларына мөлшерден тыс салмақ салмауын;

– ішімдік сусындарымен шектен тыс әуестенбеуін.

Ескерте кететіні, судың жылу алмасуы ауадан қарағанда 27 есе жоғары, сондықтанда суда адам денесінің температурасы, ауаға қарағанда әлде қайда тез төмендейді.

Сонымен қатар, адам суық суға бірден түскенде, суықтық ықпалынан тамыр және тыныс органдарының тартылу нәтижесінен қайтыс болып кетуі әбден мүмкін.

Төтенше жағдайлар болғанда бірынғай «112» құтқару телефонына қонырау шалыңыздар.

 

Осакаров ауданы ТЖБ бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі Д.Сүлейменов


Дата редактирования: 26 Октября 2016 10:10

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»