В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданы аумағында 2018 жылға дейін (2020 жылға дейін перспективамен) су тасқыны кезеңінің зардаптарын алды алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі жол картасының орындалуы

 

Осакаров ауданы аумағында 2018 жылға дейін

(2020 жылға дейін перспективамен) су тасқыны кезеңінің

зардаптарын алды алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі жол картасының орындалуы

 

Осакаров ауданы аумағында 70 табиғи және жасанды су қоймалары, сонымен қатар 30 өзен, көл орналасқан, соның қатарында әлемде теңдесі жоқ, жалпы ұзындығы 458 км болатын Гиннестің рекордтар кітабынан орын алған ең ұзын жасанды өзен К.Сатпаев атындағы канал бар.

Ауданның географиялық аумағына жыл сайын көктем кезінде су тасқыны қаупін арттыратын Нияз, Акдын, Шоқай, Ерейментау сияқты аласа таулар енеді.

Соңғы 15 жыл ішінде ең қарқынды су басу 2013, 2014, және 2015 жылдары болды, тұрғын үйлерді су басып, жолдар мен гидротехникалық құрылымдар бұзылды.

Ауданның азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі тарапынан су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында адамдардың өлімі мен тасқын зардабы шығынын азайту бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіледі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі маңызды звено аудан әкімі төрағалық ететін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия болып табылады.

Осакаров ауданы аумағында 2018 жылға дейін (2020 жылға дейін перспективамен) су тасқыны кезеңінің зардаптарын алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Жол Картасына  комиссия ұсынысы бойынша біршама шаралар енгізілді, солардың біразы қазіргі таңда орындалды.

Сонымен, Осакаровка-Молодежный тасжолындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды, апатты жағдайдағы көпір жөндеуден өткізілді. Бұған дейін ескі көпір құрылысы тасқын суды 14 метрлік 2 қанатпен өткізсе, жаңа көпір 18 метрлік 3 қанатты құрылыс болады.  Сонымен бірге, жаңа көпір бойы ескіге қарағанда 1 метрден артық көтеріледі, бұл тасқын суды апатсыз өткізуге септігін тигізеді және Пионерский ауылын су басу қаупін төмендетеді. 

Бұдан басқа, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде аудан әкімдігі мердігер ұйыммен Есіл өзені бойында орналасқан Пионерский ауыл маңындағы қорғаныс дамбасын бекіту және улғайту келісіміне жетті.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Садовое ауылы аумағындағы Үлкен-Құндызды өзенінің сағасы жалпы ұзындығы 1,8 мың метр тазартылып, кеңейтілді, бұған аудан әкімі резервінен 13 млн.теңге қаражат  жұмсалды. Осы сияқты жұмыс 2015 жылы атқарылған болатын, онда Қарағайлы және Окольное ауылдары аумағындағы Қарғалы өзенінің сағасы жалпы ұзындығы 1,2 мың метр тазартылып, кеңейтілді, ұзындығы 800 метр тар жерлерге қосымша қорғаныс салынды. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 1 млн.600 мың теңге қаражат жұмсалды.

Осылармен қатар, елді мекендердің ішіндегі су өткізу арықтары мен су өткізетін құбырлар, құрылымдардың жағдайын ерекше назар аударылды.

ТЖ бөлімінің ұсынысымнен 2015-2016 жылдары Осакаровка кентінде 4 мың метрден артық су өткізу арықтары өткізіліп, 3 су өткізу құбыры орнатылды, сонымен қатар Советский көшесі бойындағы жол бөлігіне  қорғаныс қойылды (қорғаныстың болмауынан 2 төтенше жағдай орыны алған болатын).

Окольное аулының  ішіндегі жолдарға су өткізу құбырлары орнатылды.

Су басу кезеңіндегі ТЖ алдын алу шараларын уақытылы орындау Қарағанды облысының ТЖД басты қадағалауында.

         Осыған байланысты Қарағанды облысының ТЖ Департаменті бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі И.Д.Кульшимбаевтың тапсырмасы бойынша Қарағанды облысы аумағында 2018 жылға дейін (2020 жылға дейін перспективамен) су тасқыны кезеңінің зардаптарын алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Жол Картасының орындалуын бақылау үшін 2016 жылдың 6 қазанында Осакаров ауданына Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары полковник Катпанов М.К. жұмыс сапарымен келді.  

         Жұмыс сапары барысында ТЖ Департаменті бастығының орынбасары полковник Катпанов М.К.  тұрғындар мен шаруашылық нысандарына потенциалды қауіп тудыруы мүмкін су басу қаупі бар елді мекендер мен су объектілеріне барды.

         Өз сапарында Осакаровка кенті, Ақпан, Пионерское, Николаевка және Садовое ауылдарында болды. Сабырқожа өзені сағасындағы «Восход» және «Садовое ауылының №1 плотинасы», Есіл өзені сағасындағы «Есіл», Ошағанды өзені сағасындағы «Найдоровское» және Баймырза өзені сағасындағы «Русская Ивановка плотинасы» гидротехникалық құрылымдарының жағдайымен танысты. Сонымен бірге жол инфрақұрылымы жағдайын да қарап өтті.

Жұмыс сапары нәтижесінде ТЖ Департаменті бастығының орынбасары полковник Катпанов М.К.  Осакаров ауданының  әкімі ШайжановК.А. жетекшілігіндегі Осакаров ауданының азаматтық қорғаныс аумақтық жүйесінің оң жұмысын атап өтті.

         Сонымен қатар  толық қайта жөндеуді талап ететін аудандық коммуналдық меншіктегі «Восход» және Русская Ивановка гидротехникалық құрылымдарының мардымсыз жағдайын атап көрсетті. Гидротехникалық құрылымдардың автоматты су өткізу каналдарын жиналып қалатын саздардан, өсіп кеткен шөптесіндерден және т.б. уақытылы тазалап отыру керектігіне баса назар аударды.

         Үлкен Құндызды және Сабырқожа өзендері арқылы өтетін Осакаровка – Садовое автожолындағы автомобильдік көпірлердің апаттық жағдайына көңіл бөлді. Қазіргі таңда қанағаттанарлықсыз жағдайда тұрған Осакаровка – Николаевка автожолындағы Үлкен Құндызды өзені арқылы өтетін Сельстрой ауылындағы автомобиль көпірін ерекше атап өтті. (Көпірде темірбетонды плиталы қорғаныс жоқ. Көпір қорғанысы ұзына бойы тасқын судың әсерінен шайылып кеткен және су ағысына тосқауыл бола алмайды.Қойылған бөгетер бұзылған. Сонымен қатар жүретін беті еріген сумен шайылған. Темірбетондыы плитаның кіріктірілген жерлері нормативтен жоғары жағдайда аралары ашылып кеткен)

Жол Картасының 2016 жылға арналған жоспарының жүзеге асырылмаған бөлімдері де аталып өтті: хабар тарату қызметі автомобильдерін хабарлау қондырғыларымен жабдықтау, барлау және аймақты зерттеуге арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын алу және Батпақ, Сельстрой, Ақпан, Сарыөзен, Родниковский, Озерный елді мекендеріне жүйелі хабарлау қондырғыларын орнату.

Сапар қорытындысында Департамент бастығының орынбасары Катпанов М.К. Жол картасы жоспарын уақытылы жүзеге асыру және су тасқыны кезеңіндегі проблемалы мәселелерді шешу жолдары туралы нұсқаулық берді.

 

Осакаров ауданының ТЖ бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 09 Ноября 2016 09:12

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»