В Осакаровке:  33°C , Влажность 26%, Давление 708, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

News republic

17 Шілде 2019 12:30
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстарды талқылау үшін қала әкімі Алтай Көлгінов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен кездесті. Кәсіпкерлікті дамытуда тәжірибесі мол ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қаладағы жұмыссыздық пен мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқыту бойынша мәселелер талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
17 Шілде 2019 09:50
Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралау кезінде бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Мәселен, Мәжіліс депутаты Әлия Сапарова Атырау облысының Исатай ауданындағы Жаңбай ауылында тұрғындармен кездесуде халықтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
17 Шілде 2019 09:24
Қазақстанда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Осы мақсатта 2019 жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жобалық кеңселер іске қосылды. Осы уақыт ішінде аталмыш кеңсе қызметтері арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Бюрократияны болдырмау, министрлікті халыққа жақындату, сондай-ақ сенім деңгейін арттыру мақсатында министрліктер жанынан да осындай кеңселер ашылуда. Startegy2050.kz АА материалынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар туралы толығырақ біліңіз.
16 Шілде 2019 16:29
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы жылдамдықты арттырған жүргізушілердің себебінен болады. Осы орайда ҚР ІІМ «орташа жылдамдық» түсінігін қолданысқа енізбек. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша осы және өзге де жаңалықтар туралы «Stratgy2050» АА-нің төмендегі материалынан оқып, біле аласыздар.
16 Шілде 2019 11:05
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейін алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Үкімет мүшелері, яғни министрлер, мегаполистер мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік орган басшылары қатысқан жиында бірқатар мәселелер қаралды. Президент алдында өз саласы бойынша ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров және ҚР премьер-министрі Асқар Мамин есеп берді.
16 Шілде 2019 10:48
Сенат депутаттары еліміздің аймақтарына сапар аясында жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мән-жайымен танысқан халық қалаулылары бірқатар бастамаларға себепші болды. Сенат депутаттарының аймақтарға жасаған сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
15 Шілде 2019 18:50
Ұйғырлар – Қазақстандағы ең ауқымды этностардың бірі, халық саны бойынша орыс, өзбек, украиндардан кейін төртінші орын алады. Ұйғыр халқы барлық Орталық Азия мемлекеттерінде өмір сүреді. Алайда, басым бөлігі Қазақстанда оның ішінде, Алматы қаласы мен облысында тұрады. «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіпкер Долқунтай Абдухалилдің айтуынша ең бақытты ұйғырлар Қазақстанда тұрады. Оған негіз де жоқ емес. Бүгінде аталмыш диаспора Қазақстанда тілі мен салт-дәстүрін сақтап, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік тыныс-тірішілігіне атсалысып келеді.
12 Шілде 2019 18:12
Қазақстан республикасы қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов Қазақстан республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті, салық берешегі туралы түсіндірді. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылылық бойынша тиісті заңға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.
12 Шілде 2019 13:25
Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Кездсу барысында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақ-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды.
11 Шілде 2019 19:27
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Қытай бағыты бойынша туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Елордамызда өткен Қорғас қаласының мамандандырылған туристік іс-шарасы аясында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасының» туристік мүмкіндіктері таныстырылып, «Қорғас» арнайы-экономикалық аймағының қытайлық туристерді тартудағы рөлі талқыланды.

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»