В Осакаровке:  0°C , Влажность 55%, Давление 716, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

News republic

13 Қараша 2019 18:08
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті

Бүгінгі форумның күн тәртібіндегі басты мәселе – қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келісім, әлеуметтік бірлікті нығайтуда журналистер қауымы алдында тұрған міндеттерді ортаға салу екенін ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев атап өтті.

«Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ассамблеяның қызметін тұрақты түрде ақпараттық қолдау туралы арнайы тапсырмасы бар.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында  әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімді нығайту туралы тапсырма берген болатын.Осы орайда отандық журналистика үшін қоғамдық келісімді дамыту, арандатушы ақпараттарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қоғам бірлігін сақтау тақырыптары өте маңызды», - деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесінде де қолына қалам ұстаған ағайынның атқаратын рөлі айрықша екенін айтты. 

«Бұдан бөлек, алдағы жылы Қазақстан жұртшылығын мерейлі даталар күтіп тұр: Ассамблеяның 25 жылдығы, хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Осындай айтулы шаралар көсемсөз шеберлерінің мұқият назарында болады деген сенімдемін», - деді Ж.Түймебаев. 

«Әуелі Отан» газеті Ақпарат бөлімінің редакторы, халықаралық сарапшы Кемал Саллы (Түркия) ақпарат саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

«Журналистика саласында жұмыс істеп жатқаныма 58 жыл болды. Осы аралық ішінде цифрлық технологиялар мен әртүрлі жаңашыл үрдістердің тілін үйреніп,меңгердім. Бүгінде журналистиканың мәні мен мағынасы қатты өзгерді. Ақпарат құралдары қоғамға ақпарат таратудан гөрі,белгілі бір жағдайға ықпал етуге жұмыс істей бастады.Сондықтан да тәуелсіз журналистиканың жағдайы әлсіреп келеді»,-деді ол.

Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесін әлем елдерге таныту үшін бірнеше мақала әзірлегенін айтты.

Өз кезегінде Баку славян университетінің профессоры Нурида Наурызова (Әзербайжан) Қазақстан мен Әзербайжан тарихи дос екенін атап өтті.

«Біздің негізіміз ортақ, бауырлас елміз. Өте тығыз қарым-қатынасты ұстанып отырмыз. 2019 жылдың 10-қазан күні ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев Бакуде болды. Түркі әлемінің жоғары орденімен мараптталды. Бұл ұлт көшбасшысы үшін үлкен мәртебе. Әзербайжандықтар Қазақстанды өз отаны деп есептейді. Өз басым осы туыстық, достық қарым-қатынасымыз сақталады деген үміттемін. Қоғамдық келісімді сақтау үшін әсіресе, БАҚ-тың маңызы рөл. Жаһандық даму кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары өте қуатты қару болып табылады», - деді Н.Наурызова.
Ал Қарақалпақ мәмлекеттiк университети профессоры, филология ғылымдарының докторы  Шамшетдин Абдиназимов Қазақстан мен Өзбекстан қиын-қыстау сәттерде бір-бірін қолдап-қуаттап, бір-біріне демеу болып, қол жеткен табыстарына шын пейілмен қуанып, достық қарым-қатынасын сақтап келе жатқан көрші мемлекеттер екенін атап өтті.
«ХХ ғасырдың басында екі ел ақын-жазушыларымен кездесулер ұйымдастырып, сұхбаттар жүргізіліп, түрлі жанрлардағы шығармалары аударылған. Бұл туралы сол кезеңнің бұқаралық ақпарат құралдары баяндап отырған.Бүгінгі таңда да Қазақстанда, Өзбекстанда атқарылып жатқан мемлекеттік саясатты БАҚ уақытылы таратып отырады.Өзбекстанда республика деңгейінде қазақ тілінде «Нұрлы жол» газеті шығады. Бұл басылым осы Өзбекстандағы шығып жатқан қаулылардың, жарлықтардың, үкімдердің басқа да түрлі жаңалықтардың барлығы қазақ тіліне аударылып, қазақ өкілдеріне жеткізілуде», - деді Ш.Абдиназимов.

Сондай-ақ, ол Өзбекстан теледидарының бірінші арнасында «Дидар» атты бағдарлама жүргізілетінін айтты.


«Қарақалпақстан республикасында «Алтын аймақ» ұлттық теледидар арнасы мен «Ата мекен» атты телерадиосы таза қазақ тілінде хабар таратады.  Қазақстанда 2018 жылы кең тойланған Өзбекстан жылы аясында әр түрлі салаларда көптеген шаралар, түрлі фестивальдар мен шығармашылық кештер өткізілгені белгілі.Президентіміз Шавкат Мироманович Мирзияевтың 2018 жылғы 13 мартта «Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен үйрену және насихаттау» туралы қаулысы қабылданды», - деді ол.
 
Сондай-ақ, жоғары деңгейде Қазақстанда сөз мүлкінің сұлтаны Әлішер Науайының 577 жылдығы ерекше атап өтілді.

«Бұл әдебиеті мен мәдениеті бір өзеннен су ішкен, ежелден туыстас болған  қазақ және өзбек ұлттарының өміріндегі аса маңызды оқиға болғандығы сөзсіз.Ал 2019 жылы Өзбекстан Республикасында Қазақстан жылы аталуда.Осы шаралардың басы-қасында жүріп, халыққа жеткізген журналистер қауымы.Қазіргі таңда бір елде болып жатқан оқиғаны бүкіл әлем бір мезетте біліп отырады.Сол себепті БАҚ өкілдерінен әркім өз мемлекеті туралы, халықтар достығы, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық тақырыбын жиі қозғап, жағымды ақпараттарды көбірек таратуды сұрар едім.Сонымен қатар, маңызды мәселелердің бірі - университеттерде білімді журналистерді дайындау. Қазіргі заманнның талабы жоғары», - деді ол.

Айта кетейік, медиа форум аясында «Ассамблеяның бір жылы» атты фотокөрме жәцне мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, ҚХА қызметін насихаттауға үлес қосқан журналситерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған дістүрлі «Шаңырақ» республикалық байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Аягөз Құрмаш



Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»