В Осакаровке:  0°C , Влажность 55%, Давление 716, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

News republic

13 Қараша 2019 17:19
Е.Хаиров: Орта Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың 70% -ы Қазақстанға салынуда

"Қазақстанда әр түрлі салада 275 италяндық компания белсенді түрде жұмыс істейді, 400-ден астам компания тіркелген. Италия 2015 жылдан бері Қазақстан экономикасына 6,6 милрд доллар инвестиция құйды. Бүгінгі форум тікелей шетелдік инвесторларды тартуға қосымша импульс береді деп ойлаймын. Қазақстан үшін де,  Италия үшін де қызықты үш саланы атап өтсем,  олар жаңартылатын жнергия көзі,  индустрияландыру және агробизнес саласы",- деді Ерлан Хаиров.

Оның айтуынша, 2018 жылы Қазақстан экономикасына 24 млрд доллар инвестиция тартылған.  

"2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізге 24 млрд доллар инвестициятартылған. Біз мақтанғанды жақсы көрмейміз, алайда Орта Азияға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың 70% -ы Қазақстанға салынып жатқанын атап өту керек. Біздің мақсатымыз олардың жаңа технологиясын алып келу елімізге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу",- деді ол.

Сонымен қатар ол шетелдік инвесторларды ақпараттандыру мақсатында"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы жұмыс істейтінін, және де арнайы сайт барын атап өтті.

"Бізде бизнес саласын қалай жүргізу керектігін айтатыннан бастап бағдар беретін, инвестицияға қатысты ақпарат беретін арнайы сайт жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық облыс орталықтарында отандық және шетелдік компанияларға қызмет көрсететін фронт офистер бар. Сонымен бірге "Kazakh Invest" ұлттық компаниямыз елдегі инвесторларға да, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына да қолдау білдіреді. Барлық серіктестерімізге компанияның есігі ашық. Біз италиялық кәсіпкерлер мен инвесторларға қолдау көрсетуге дайынбыз",- деді ол.

Бұдан бөлек Ерлан Хаиров Қазақстан мен Италияның инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, екі ел бизнесмендерінің бірігіп инвестициялық жобаларды жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік бар екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде форумға қатысқан Италия сыртқы министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано өз баяндамасында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері біраз жетістікке жеткенін, экономиканың тұрақты дамып жатқанын, қолайлы инвестициялық климат қалыптастырғанын және қазақ-италян қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

"Мен үшін де, итальян үкіметі үшін де бірінші қазақ-итальян бизнес форумының маңызы зор. Қазақстандық тараптың көрсеткен статистикасына сүйенсек, бірнеше жылдан бері ЕО елдері ішінде Италия мемлекеті бірінші сауда серіктесі және қазақстандық экспорттың негізгі алушысы болып отыр. 2018 жылдың 6 айы бойынша Италияға ұлттық экспорттың 14,8 пайызы тиесілі. Италия статистика институтының дерегіне сүйенсек, Қазақстанға итальяндық экспорттың да көлемі өскен. Ал ағымдағы жылдың бірінші кезеңінде Италияның Орта Азия елдеріне экспорты 65,7 пайызға артты. Бүгінгі форум екі ел қарым-қатынасына импульс беріп, іскерлік байланыстың артуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Біздің сауда-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндігіміз бар",- деді Манлио Ди Стефиано. 

Сонымен қатар форумға қатысқан итальян сауда агенттігінің Орта Азиядағы өкілі Сальватор Парано форумның екі ел экономика үшін де маңызы зор екендігін айтып өтті.

"Қазақстан мен Италия ортақ мақсатқа жұмыс істеп жатыр. Мәселен, Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел, ал Италияға келетін болсақ, мұнда жаңа технология жақсы дамыған. Сол себепті біздегі жаңа технология арқылы табиғи ресурстарды пайдалануға мүмкіндік бар. Бүгінгі форумда мен итальян компанияларын таныстырамын. Олар Қазақстанға инвестиция құяды, салық төлейді және Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол себепті аталған форумның екі ел экономикасының дамуына ықпалы зор болмақ", - деді ол.

Айта кету керек, бүгінгі күні Қазақстан экономикасына Италия тарапынан құйылған инвестицияның көлемі 6,6 млрд долларды құрайды. Ал 2019 жылдың 8 айының есебі бойынша,  сауда айналымы 6,7 млрд долларды құраған. Жалпы Қазақстанда 270-ке жуық компания италяндық капиталмен жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ аталған форумға 200-ге жуық бинес саласының мамандары,  ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Назерке Сүйіндік


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»