В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

News republic

10 Желтоқсан 2019 12:26
Қ.Тоқаев: 1 қаңтардан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артады

Мемлекет басшысы салтанатты жиынға жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Осы тәуелсіздігімізді нығайтып, отанымызды одан әрі өркендету жас қазақстандықтардың борышы екендігін атап өтті.

"Сіздермен тәуелсіздік күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Біз үшін одан асқан қастерлі әрі маңызды мереке жоқ. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Соныдықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі өздеріңіз. Жаңа ғана жастардың бір топ өкілі түрлі тақырыптарды сөз сөйледі, ұтымды пікірлер айтты. Мен барша жастарды мақтан тұтамын", - деді президент.

Сонымен қатар ол өз сөзінде президент ретінде Қазақстан жастарының жан-жақты дамып, өсуіне жағдай жасайтынын айтты.

"Биылғы жылдың мән - маңызы ерекше болды. Елбасы Назарбаевтың бастамасымен "Жастар жылын" өткіздік. Еліміздегі бастамалардың барлағы жастардың жарқын болашағы үшін қолға алынды. Жастарымыздың жан жақты дамуына жағдай жасау менің президент ретіндегі міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздерден көргіміз келеді. "Пайда ойлама ар ойла, талап қыл артық білуге" деген Абайдың өсиетін назарда ұстау керек", - деді Тоқаев.

image-10-12-19-10-44-2.jpeg

Сондай-ақ ол Жастар жылы аясында істелген бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл мемлекеттік органдар даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналысқан.

"Жастар жылында өскелең ұрпақты қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылды. Осы маңызды жыл аясында жобаларды іске асыру кезінде даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық. Мелекеттік органдар бірнеше маңызды бағыттар бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, тұрғын үй, сапа әрі қолжетімді білім беру ісін қолға алдық. Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға тоғыз мың пәтер беру туралы шешім қабылданды. Оны жалға алу он бес мың болмақ. Он бес мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Алдағы үш жыл ішінде олардың саны отыз мыңға дейін көбейеді. Осыған орай республикалық бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық қосымша қаржы бөлеміз", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан басқа ол келер жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артатынын атап өтті. 

image-10-12-19-12-45-6.jpeg

"Сонымен қатар 10 мың жас кәсіпкер шағын несиенің арқасында кәсіпкерлігін дамытты. Оның басым көпшілігі ауыл мен аудан тұрғындары. Бұл бастамалар "Дипломмен ауылға" бағдарламасының дамуына серпін берді. Ауылды өркендетуге үлес қосқысы келетін жастарға 6 мыңнан астам жәрдемақы, баспана алу үшін 4 мыңға жуық несие бөлінді. Сондай ақ бакалавр, магистратурада оқитын студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артады. Сонымен бірге коледжде білім алатын студенттердің де шәкіртақысы көбейеді", - мемлекет басшысы. 

Сонымен бірге "Президенттік кадр резервін" жасақтау туралы конкурсқа тоқталды. Оның айтуынша, конкурстан өткен жастарға болашақта тек жоғары лауазымды орындарды иеленетін тұлға деп қарамай, оларды елімізге шын ниетімен қызмет етуге ынталандыру керек деді өз сөзінде. 

"Кәсіби мамандардың жаңа толқынын қалыптастыру басты міндет. Қолға алынған барлық шаралар сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалып отыр. "Президенттік кадр резервін" жасақтау кезінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан таңдаулы жастар осы тізімге енеді. Оларға тек болашақта жоғары лауызымға тағайындалатын жастар деп қарауға болмайды. Аталған жоба ең алдымен жастарымызды елге, отанымызға шын ниетімен қызмет жасауға ынталандыруы тиіс.  Болашақта осындай жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз", - деді Тоқаев.

image-10-12-19-12-54.jpeg

Айта кетейік, ел астанасында мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылау және Волонтер жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге тарта жас қатысуда. 

Назерке Сүйіндік 

Фото: Бауыржан Жуасбаев


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»