В Осакаровке:  0°C , Влажность 55%, Давление 716, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

News republic

13 Қараша 2019 10:10
Е.Досаев: ЕАЭО-ға мүше елдердің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді

Пленарлық отырыста Ерболат Досаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды. Оның айтуынша, келісім 2014 жылы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одағы туралы шарттың 70-бабына сәйкес әзірленген. 

"Келісімде  ортақ қаржы нарығын құру мақсатында халықаралық келісімді әзірлеу және қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру көзделген. Ортақ қаржы нарығын құру банк сақтандандыру секторында және бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторында лицензияларды өзара дамуды, қаржы нарығына кіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеуді жетілдіруді және қаржы нарықтарындағы бақылау мен қадағалуды жүзеге асыру көздейді", - деді Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, аталған келісімді жүзеге асыру үшін 7 бағыт айқындалған. 

"Бірінші, қаржы нарықтарына қатысушыларға оларға құруға, қалыптастыруға, және қызметіне қатысты келісілген талаптары. Екінші, халықаралық стандарттарға сәйкес қаржы нарағы саласындағы тәуекелдерді реттеу, үшінші, қадағалау талаптары мен қаржы нарығының қатысушыларына қадағалуды жүзеге асыру тәртібі. Төртінші, лицензияларды өзара тануға талаптар. Бесінші, қаржы нарығы саласындағы аұпаратты жария етуге талаптар. Алтыншы, мүше мемлекеттер инвесторларының қаржы нарығына қатысушылардың жарғылы капиталды, үлестерді, акцияларды иеленуі. жетінші, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі талаптар", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар Ерболат Досаев келісімде үйлестіруді жүргізу тәртібі айқындалғанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, аталған келісім күшіне енгеннен кейін тоғыз ай ішінде үйлестіру жоспары әзірленбек.
 
"Онда үйлестіруді жүргізу кезеңдері мен мерзімдері көрсетіледі. Заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бекітеді және халықаралық келісімдерді қабылдау арқылы ұлттық заңнамаға енгізілетін болады. Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің бірінің заңнамасы үйлестіру өлшем шарты болмайтынын атап өткен жөн. Үйлестіру халықаралық қағидаттар мен стандарттармен немесе ең үздік халықаралық практика негізінде жүргізіледі", - деді Досаев.

Сондай-ақ ол заңнаманы үйлестіруді 2025 жылы аяқтауды жоспарланғанын айтып өтті. Осылайша, оның айтуынша, бұл келісім қаржы ұйымдарының Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің өзара нарықтарына кіру үшін кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді деді ол.

Назерке Сүйіндік


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»