В Осакаровке:  0°C , Влажность 23%, Давление 724, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Осакаров ауданында 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

 

2019 жылғы 22 қаңтардағы

№ 05/02

Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша

Осакаров ауданында 2018-2020 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары

 

 

р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындау үшін  жауаптылар

Орындау мерзімі

 

1

2

3

4

5

 

Ұйымдастыру іс-шаралары

 

1

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру бойынша  2018-2020 жылдарға арналған ведомстволық және өңірлік жоспарлар әзірлеу және бекіту

Ведомстволық және өңірлік жоспарлар

Аудандық бюджеттен, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қаржыландыратын атқарушы органдар

2018 жылғы

шілде

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізу

 

Комиссия отырысы

Ауданы аппаратының құқықтық  қамтамасыз ету бөлімі

тоқсан сайын

3

Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру

Дөңгелек үстел, кеңестер

Аудандық бюджеттен, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қаржыландыратын атқарушы органдар

тоқсан сайын

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

4

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2018 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат  (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету. Сонымен бірге, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар бойынша тиісті ұсыныстар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен)

Ғаламтор ресурстарындағы тараулар

Әкім аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі (бөлімнің жұмысын көрсетілген функциялармен техникалық қамтамасыз ету), әкім аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері бойынша бөлімнің толықтырылуы), аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар үшін тартылған тұлғалар туралы ақпаратты орналастыру)

 2019-2020 жылдардың

 2 тоқсаны

5

Жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін анықтау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімінің аппараты

 (мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі бас инспектор)

жыл сайын

6

Қызмет аясы сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым жақын болып табылатын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын жергілікті атқарушы органдар жанындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында тыңдау (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарының хаттамалары

Аудан әкімінің аппараты

жыл сайын жарты жылда 1 рет

7

Мүдделер қақтығысы және мемлекеттiк қызметтегі шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына қатысты мониторинг жүргізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

жыл сайын,

1 желтоқсаннан кешіктірмей

8

Мүдделер тартысын реттеу және болдырмау, әдеп бұзу және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық  бойынша құралдар әзірлеу

 

Практикалық құралдар

Әкім аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

жыл сайын

10 желтоқсаннан кешіктірмей

9

Мүдделер қақтығысын, әдеп бұзушылығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша типтік жағдайлар және ұсынымдар туралы ведомстволық жаднама әзірлеу және тарату

Жаднамалар

Әкім аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі ,аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

 2019-2020 жылдардың

 2 тоқсаны

10

Дискрециялық өкілеттіктерді анықтау және алып тастау  үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне талдау жүргізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімінің аппараты

 (мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі бас инспектор)

тұрақты

11

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалануының алдын алу үшін автомобиль шанағына мемлекеттік мүлік статусын бекітетін айырым белгісін орналастыру мәселесін қарастыру қажет. Айырым белгілері басқа белгілерден ажыратылуы, автомобиль шанағынан бөлек түсте болуы, тәуліктің қараңғы уақытында белгілі болуы керек. Осы автомобильдердің жұмыстан тыс уақытта жүргізушіге жол-сапар парағы толтырылмай  әртүрлі көңіл көтеру, ойын-сауық және басқа мекмелердің аумағында болуы байқалған немесе анықталған (БАҚ-та, Интернетте хабарлама болған) жағдайда жауапты тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны жайлы БАҚ-та  кең көлемдегі РR-акция өткізу

Ерекшелік белгісін орналастыру

Аудан әкімінің аппараты, аудандық бюджеттен, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қаржыландыратын атқарушы органдар

тұрақты

12

Құрылыс салушыға құжаттама жинау талаптарын  қысқартуға бағытталған құрылыс саласындағы

заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Құрылыс бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі

2019  жылғы

1 тоқсан

13

Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің мүлікке, көлік құралдарына салықтарды, жер салығын жинау рәсімдерін, оларды қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігін болдырмау үшін автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Ауылдық округтердің әкімдері

2019  жылғы

2 тоқсан

14

Заңнамалық актілерді мыналар бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу:

  1. жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін енгізу;
  2. жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Жер қатынастары бөлімі

2019  жылғы

2 тоқсан

15

Жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Жер қатынастары бөлімі

2019  жылғы

2 тоқсан

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегияны іске асыруға

азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

16

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары  ұжымы алдында,  оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Білім беру бөлімі

жыл сайын

5 мамырдан кешіктірмей

17

Үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Ішкі саясат бөлімі

жыл сайын

5 мамырдан кешіктірмей

18

Әдістемелік ұсынымдар әзірлей отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына  мониторинг жүргізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі

2019-2020 жылдардың

 1 тоқсаны

19

Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестері институттарын енгізу мәселесін пысықтау

Бұйрық.

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Білім беру бөлімі

2019  жылғы

1 тоқсан

20

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер әзірлеу және орналастыру, сондай-ақ «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуін жалғастыру

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

тоқсан сайын

21

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Экономика және қаржы бөлімі( жинақтау), аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, кенттер мен округтердің әкімдері

Жарты жылда

1 рет

2019-2020 жылдар

22

Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Жер қатынастары бөлімі (жинақтау), кенттер мен округтердің әкімдері

Тұрақты

23

Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету

Әкімдіктің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1 тоқсан

2019 жыл

24

Тұрғындардың әртүрлі бөліктері арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сол сияқты мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама әзірлеу және тарату

Жаднама, аудан әкімі аппаратына ақпарат

 

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, кенттер мен округтердің әкімдері

Жыл сайын,

 10 желтоқсаннан кешіктірмей

25

Әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық бұзушылық туралы мәлімет)

Тақталар орнату

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

Тұрақты

26

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсыну мақсатында  мемлекеттік қызметшілердің жұмысына міндетті түрде тоқсан сайын ішкі бағалау жүргізу

Тақталар орнату

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, кенттер мен округтердің әкімдері

Тұрақты

27

Мектеп әкімшілігінің әртүрлі шығыстарға ақша жинауы туралы ата-аналар арасында сауалнама жүргізу

Сауалнама нәтижелері, аудан әкімі аппаратына ақпарат

 

Білім беру бөлімі, кенттер мен округтердің әкімдері

Тоқсан сайын

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

 

28

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізуді қарастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешені

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

29

Жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін оқу-тәрбие үдерісіне енгізумен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарын бекіту

Жұмыс жоспары,  аудан әкімі аппаратына ақпарат

Жастар ресурстық орталығы, білім бері бөлімі

2019 жылғы

2 тоқсан

30

 

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

аймақтық слеттер

Білім беру бөлімі

2019-2020 жылдардың

3 тоқсаны

31

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша үздік журналистік жарияланымға БАҚ өкілдері үшін конкурстар өткізу

конкурстар

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

32

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелері бойынша көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің, саяси партиялардың, жұртшылықтың сөз сөйлеуін қарастырып, сондай-ақ олардың брифингтерге, интернет-конференцияларға, телебағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз етіп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау жөніндегі жоспар

Ішкі саясат бөлімі

2019-2020 жылдардың

2 тоқсаны

33

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио, бейнероликтерді көрсетілімге даярлады  қарастыру және трансляциялауды қамтамасыз ету

көрсетілім аудиоджинглов және бейнероликтер

Ішкі саясат бөлімі, Білім беру бөлімі, кенттер мен округтердің әкімдері

Жыл сайын

34

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді қарастыру

Жұмыс жоспары

аудан әкімінің аппараты

Тұрақты

35

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы» бағыты бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жарнама өндірісі мен орналастыруға бюджет қаражатын бөлу

аудан әкімі аппаратына ақпарат

кенттер мен округтердің әкімдері

Жыл сайын

36

Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық бюджеттен, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қаржыландыратын атқарушы органдар

Жыл сайын

 

Стратегияны іске асыруды мониторингтау және бағалау

 

37

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын үшін мүдделі мелекеттік органдардың, жұртшылықтың, БАҚ-тың өкілдерінен арнайы мониторингтік топ құру

Топ құру

Ауданы аппаратының құқықтық  қамтамасыз ету бөлімі

2019 жылғы

1 тоқсан

 

38

Арнайы мониторингтік топтың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына  сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

 

мониторинг және бағалау жүргізу

Арнайы мониторингтік топтың төрағасы (келісім бойынша)

Жыл сайын жыл қорытындысы бойынша

5 ақпаннан кешіктірмей

39

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалауды алу мен қоғамдық пікірді ескеру мақсатында БАҚ-та, сол сияқты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі уәкілетті органнның сайтында  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша есептерді жариялау

Жарияланымдар

Ауданы аппаратының құқықтық  қамтамасыз ету бөлімі

Жыл сайын жыл қорытындысы бойынша

10 сәуірден кешіктірмей

 


Дата редактирования: 28 Марта 2019 14:36

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»