В Осакаровке:  -3°C , Влажность 18%, Давление 730, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ хабарлайды!

Құрметті коммуналдық тұрғын үй қорынан  тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған Осакаров кентінің тұрғындары!

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңының 71 бабының, 5 тармағына сәйкес, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.

Осы мақсатта өтініш берушілер  2017 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 желтоқсанына дейін Осакаров ауданының  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, Осакаровка кенті, Достық көшесі, 33 үйде орналасқан әкімдік ғимаратының №105  кабинетіне, төменде көрсетілген тармақтар бойынша құжаттарды ұсынуы қажет.

           Осыған орай 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін  келесі құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз:

         1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;

         2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерініңне паспорттарының көшірмелерін.

         3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;

         4) еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;

         5) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын;

         6) басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;

         7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (құжатты салыстыру үшін) не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе селолық округ әкімнің анықтамасын (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);

         8) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);

         9) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың осы жағдайды растайтын анықтамасын тапсырады;

         10) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәлімет.

         Қосымша ақпаратты Осакаров ауданының ТКШ,ЖК, АЖ және ТИ

бөлімінен, 4 27 66 телефон номері арқылы ала аласыздар.

 

 

         ТКШ,ЖК, АЖ және ТИ

         бөлімінің басшысының                                                                        міндетін атқарушы                                         Н.Б. Абдильдин


Дата редактирования: 28 Апреля 2017 15:50

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»