В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Бастау» жобасы бойынша тестілеудің IV кезеңі басталғаны туралы хабарлайды!

«Бастау» жобасы бойынша тестілеудің IV кезеңі басталғаны туралы хабарлайды!

«Бастау» бағдарламасы бойынша тегін оқыту курстарына қабылдау басталды. Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған.

 Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін 2019 жылдың 22-23 шілде аралығында тестілеуден өту керек. Тест қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен саулнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік шот құжаты болуы қажет.

Оқу 2019 жылдың 24 шілдесінде басталады. Оқу ұзақтығы 25 күн. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленіп, сертификат беріледі.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайлары бойынша хабарласуға болады:

  • Ақтоғай аудандық филиалы: Ақтоғай c., К.Бәйсеитова көшесі, 2 ғ., тел: 8 (71037) 21273
  • Абай аудандық филиалы: Абай қ., Жеңіс даңғылы, 2 ғ, тел: 8 (72131) 79009
  • Бұқар-жырау аудандық филиалы: Ботақара к., Абылай хан көшесі, 41Б ғ. тел: 8 (72154) 21937 
  • Нұра аудандық филиалы: Нұра к., Тәуелсіздік көшесі , 37/3 ғ., тел: 8 (72144) 21862.
  • Шет аудандық филиалы: Ақсу-Аюлы с. , Шортанбай көшесі, 141а ғ. тел: 8 (71031) 21641.
  • Қақаралы аудандық филиалы: Қақаралы қ. , Аубакиров көшесі, 34 ғ.тел: 8 (7214) 633075.
  • Осакаровка аудандық филиалы: Осакаровка к., Достық көшесі, 29 ғ.тел: 8 (72149) 43004.
  • Жаңаарқа аудандық филиалы: Атасу к., Тәуелсіздік көшесі, 22 ғ. тел: 8 (71030) 26452.
  • Ұлытау аудандық филиалы: Ұлытау с. , Абай көшесі, 18-2  ғ.  тел: 8 (71035) 21415.

 

Немесе atameken.kz сайтында бағдарламамен толық таныса аласыздар.

 

 


Дата редактирования: 05 Июля 2019 08:54

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»