В Осакаровке:  33°C , Влажность 26%, Давление 708, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Пікіріңіз маңызды кәсіпкер! - «АТАМЕКЕН» ел ауқымында сауалнама жүргізбек

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан бойынша барлық бизнес-субъектілер арасында сауалнама жүргізудің басталғаны туралы хабарлады.

Бизнес арасында жүргізілетін сауалнаманың басты мақсаты мен кезеңдері жайында бүгінгі өткен  баспасөз-маслихатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев толығырақ тоқталып өтті.

Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, «Атамекен» 5 жыл бұрын алдына мақсат қойған - ол бизнестің Үкіметпен жақсы қарым-қатынасын қамтамасыз ету болатын. Соған байланысты барлық өңірлерде кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылды. Бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізілген. Сондай-ақ,  елде әртүрлі деңгейдегі, саладағы 1000-ға жуық бизнес-қауымдастықтың пікірін   «Атамекен» арқылы жүйелеп әрі саралап ортақ ұстанымды  Үкіметке  ұсынуға мүмкіндік жасалды. 

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің түйткіліне қатысты кәсіпкерлерден келіп түскен 25 мыңнан астам арыз-шағымның 40 пайызы оң шешімін тапқан. Жыл сайын кәсіпкерлікке қатысты заң жобалары, нормативтік-құқықтық актілер сараптамаға келіп түседі, осы бағытта бизнес-қауымдастық пен «Атамекен» ұсынысының 73 пайызын Үкімет қабылдады. Тағы бір атап өтетіні, 5 жылда «Атамекен»  800 мыңға жуық бизнеске сервистік қызмет көрсеткен. Осы аралықта Үкімет пен бизнес арасында тығыз қарым-қатынас орнатылды», - деп, мәлімдей келе Эльдар Жұмағазиев «Атамекеннің» алдағы мақсатына тоқталды.

 ПІКІРІҢІЗ МАҢЫЗДЫ КӘСІПКЕР!

Басқарма төрағасының орынбасары «Атамекеннің» ендігі мақсаты – әр кәсіпкермен, ал бастысы шағын бизнеспен тікелей байланыс орнату  екенін атап айтты. Елде 1 миллион 200 мыңға жуық кәсіпкер бар.  Дегенмен, қазіргі уақыттағы мәліметтер базасында толық дерек жоқтың-қасы. Ал әр кәсіпкердің жеке түйіткілді мәселелерін, әр кәсіпкердің пікірін білу, қажеттілігі мен сұранысын айқындау үшін ең алдымен қажеттісі - ол мәлімет. Сол бағытта  «Атамекен» ел ауқымында кәсіпкерлерді  сауалнамаға қатысуға шақыруда. 

300 мыңнан астам «Атамекен» қызметкері алты ай аралығында еліміздің әр кәсіпкерінің пікірін біліп,  сауалнама жүргізуге  атсалыспақ.
"Атамекен" базасындағы 480 мың кәсіпкерге бүгіннен бастап арнайы СМС-хабарлама жіберілетін болады.  Сауалнама екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең – телефон арқылы 4 сұрақтан тұратын сауалнама. Сауалнаманың екінші кезеңінде «Атамекен» қызметкерлері бизнес-объекітілеріне барып, кәсіпкерлермен жеке сұхбаттасу өткізуді жоспарлауда. 

«Сауалнама аясында жиналған ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының жұмысын күшейту мақсатында барынша бірегей мәлімет болмақ. Осыған байланысты кәсіпкерлерді сауалнамаға барынша атсалысып,  қолдау көрсетеді деген үміттеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев. 

Сондай-ақ,  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары сауалнама аясында кәсіпкерлердің  «Аtameken Services» порталына тіркелуіне көмектесіп, тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырады. Порталда 60-тан астам онлайн режимде берілетін пайдалы және тегін қызмет түрлері шоғырланған. Бұл қызмет түрлері кәсіпкерлер сұранысын ескере отырып, төрт басты бөлікке жинақталған.

Осылайша, кәсіпкерлер Аtameken Services  арқылы бір өтінім бере отырып, еліміздің барлық қаржы институттары мен банктеріне несие алуға тапсырыс жасап, онлайн арқылы оқу курстарынан өтіп, түйткілі жайында өтінім бере алады.


Дата редактирования: 21 Января 2019 14:38

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»