В Осакаровке:  0°C , Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Государственные программы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 13 сәуірдегі

№ 301 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

бағдарламасы

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

 

Әзірлеуші 

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

 

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру

 

Бағдарламаның міндеттері

1. Жаңа биз нес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

 

Іске асыру мерзімі

2010 - 2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;

шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту

 

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2010 жылға арналған республикалық бюджетте 30 млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады

 

2. Кіріспе

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;

уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.

Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі - кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды.

Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:

Мемлекеттік комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);

уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;

жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші - іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

қаржы агенті - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды:

пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге қаржы қаражатын аудару;

Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру;

борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу;

кредиторлар комитеті - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия;

өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер;

қатысушы - Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі бар кәсіпкер;

борышкер - кредит(тер) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер;

экспорттаушы - өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер.

Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар.

 

 

3. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.

Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;

индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсіпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.

Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:

темен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);

кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);

алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);

үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс).

Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Sprind агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.

Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.

 

 

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы

индикаторлары мен нәтижелері

 

 

4.1 Бағдарламаның мақсаты

 

Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

 

4.2 Нысаналы индикаторлары

 

Нысаналы индекаторлар:

жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;

шикізат емес экспорт көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.

2020 жылға дейін индикаторлардың сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізіле отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады.

 

 

4.3 Міндеттері

 

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған ендірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:

өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;

өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;

өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;

мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.

 

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;

кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес).

Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген секторлары шеңберінде әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланады.

 

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тізбесін субсидиялау шарттарымен бірге тиісті банктерге, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

 

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

Жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана кепілдік беріледі.

Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс.

Кәсіпкерлерге кепілдік тегін беріледі.

Кепілдік берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.

Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.

Өтінім беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі кредит бойынша банктің сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.

 

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк өтінім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуіне алдын ала дербес бағалауды жүргізеді және оған өтініш берілген қарыз сомасына негізделе отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хат береді.

3. Өтінім беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.

5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған жобалардың тізбесін жібереді.

7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші өтініш берушіге жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

8. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің хатын алғаннан және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін жобаға кешенді сараптама жүргізеді және жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9. Банк жобаны қаржыландыру бойынш
Дата редактирования: 11 Июля 2018 12:24


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»