«Бастау Бизнес» жобасы»
2018 жылдың 16 сәуірінең «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқыту курстарына қабылдау басталады. Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған.
Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек. Соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, кредиттік бюродан аңықтама (несие тарихы) болуы керек.
Оқу ұзақтығы 25 күн. Бағдарлама қатысушыларға шәкіртақы төленіп, сертификат беріледі.
Сонымен қатар «Бастау –Бизнес» жобасын аяқтаған қатысушылар, мемлекеттік бағдарлама бойынша – жеңілдік мөлшерлі несие ала алады, және де толық құжат сүемелдеуге Кәсіпкерлер палатасы көмек көрсетеді.
Толық ақпарат алу үшін мына мекенжайға: Осакаровка кенті, Достық көшесі 29 «Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы Осакаров ауданының» филиалына жолыға аласыздар және
8 (72149) 43004 телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Аудан координаторы Оразалы Саягүл 87773914045
Бизнес – тренер Касимова Меруерт - 87714512970
Дата редактирования: 03 Апреля 2018 11:04