В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу – заман талабы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу – заман талабы

 

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу – қазіргі заман талабының бір тетігіне айналды.

Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті алмайтын,
бұл қызметтермен мүлде кездеспейтін адам жоқ. Себебі адамның дүниеге келуінен бастап туу туралы куәлік алуы, балабақшаның кезегіне тұруы, емханаға тіркелуі, мектепке баруы, оқуға түсуі, жұмысқа орналасу барысында тест тапсыруы, зейнетке шығуына байланысты төлемдерді рәсімдеуі шаралары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 741 түрі көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі)
, оның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер саны жылдан жылға оңтайландырылып, құрылған сәтінен бастап 331-ден 454 өскендігін атап өту қажет.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауындағы талаптарды орындау және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасындағы көрсеткіштерге жету мақсатында 2018 жылы Департаментпен 1500 жуық түсіндірме жұмыстары облыстың барлық қала/аудандарының тұрғындарының қамтылуымен жүргізілді. Аталмыш шараның нәтижесі – электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер үлесі 6,6% артқандығы. Атап айтқанда, электронды түрде қызметтер саны 2017 жылы көрсетілген
8 380 720 қызметтердің 72,4% (6 060 374) болса, 2018 жылы 10 656 109 қызметтердің 79% (8 431 923) құрып отыр.

Мұндай шаралар Департаментпен үнемі жүргізіледі.

Жалпы, халық үшін электронды түрде қызмет алудың тиімділігі көп. Біріншіден, азаматтар мемлекеттік мекемеге бармайды, кезек күтпейді, яғни уақытын үнемдейді, екіншіден, кез-келген уақытта
24 сағат бойы қол жетімді «электронды үкімет» порталы арқылы қажетті анықтамалар алуға, кезектілікті көруге және де өтініш беруге мүмкіндік бар.

Мысалы, кең сұранысқа ие 24 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұялы телефонға «mgov» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы және де, 18 қызметтерді «Telegram» мобильдік қосымшасындағы «EgovKzBot» арқылы алуға болады. Еш мекемеге бармай, қолымыздағы смартфонды пайдалана отырып, қажетті құжаттарды ала аламыз.

Сондай-ақ, аталмыш қосымшалардың тағы бір ерекшелігі -  ХҚКО-да кезекті брондау. Қазіргі қарқынды замандағы ең асыл валюта – уақытымызды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық заманның адамзат үшін тиімді тұсы – мемлекет пен қо­ғам арасындағы байланыс­ты одан әрі жақындастыруында.

Ал, Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бірден бағалай алатындығыңыз туралы білесіз бе?

Ұялы  телефонға «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы, тіркеуден өтіп, көрсетілген қызметтің сапасына баға беруге болады.

Бұл мобильдік қосымшаның ерекшелігі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау мүмкіндігі және де әр қызмет алушымен кері байланыс болып табылады.

Әр қойылған баға бойынша Департамент қызметшілері
өз құзыреті шегінде әрекет етеді, қысқа уақыт ішінде мәселелі сұрақтарын қарап, шешу жолдарын қарастырады.

Бүгінгі күні аталмыш қосымша арқылы облыс бойынша
2260 адаммен бағалау жүргізілді, олардың 19 мәселелі сұрақтармен жүгінді, Департамент тарапынан баға берген тұлғалармен байланыса отырып, мәселелі сұрақтары 15 минуттан аспайтын мерзім ішінде шешілді.

Жоғарыдағының негізінде, халық мүддесі үшін мемлекет тарапынан жасалған барлық жағдайларды қолдану, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мобильдік қосымшалар арқылы және электронды түрде алуға, сонымен қатар, көрсетілген қызметтің сапасын бағалау мақсатында «Digital Agent» мобильдік қосымшасын қолдануға шақырамын.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

 жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

 Қарағанды облысы бойынша Департаментінің

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

басқармасының бас маманы А.Алыбекова


Дата редактирования: 18 Марта 2019 10:02

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»