В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1

Көрсетілетін қызметтің атауы

 

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері/қызметтері

 

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлға

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Қызмет көрсетушінің кеңсесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);

4) некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);

5) егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);

6) бала асырап алуды немесе әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі, егер олар тіркеуші органда тіркелсе (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);

7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік(егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);

8) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті;

9) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.                

10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтініп    отырған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі: 

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат  (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) азаматтық хал актісіне өзгеріс, толықтыру мен түзету енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актісін тіркеу мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, куәліктің  түпнұсқасы жоғалған жағдайда – азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;

4) азаматтық хал актісіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіздеменің болуын растайтын құжат;

 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

Порталға жүгінген кезде(некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде, некеге дейінгі тегін қайтару үшінкөрсетілетін қызметті алушы арызданған кезде):

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
  2. азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды). 

 

7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді),  басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа  ұзартылады;

2)порталда – өтінішті алғандығын растау және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін белгілеу бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күні.

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы  қайталама куәлік.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке  кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында электронды өтініштің қабылданғаны туралы және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама жолданады. 

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы

 


Дата редактирования: 14 Июля 2016 16:23

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»