В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының білім бөлімі

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке  тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Осакаров ауданының білім бөлімі

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды

7

Қажетті құжаттар

1) нысан бойынша өтініш;

2) қорғаншының немесе қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтама;

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;

6) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;

7) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы мәліметтер

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

тегін

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

жұмыс күні;

 

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім

11

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту» бұйрығымен бекітілген «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап - бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген)

 


Дата редактирования: 30 Мая 2016 10:04

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»