В Осакаровке:  -4°C , Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қалалық және аудандық білім бөлімдері

 

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

 

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

  1. Қарағанды облысының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері/
  2. «электрондық үкіметтің» веб-порталы : www.e.gov.kz

 

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

- кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы мен тіркеуі, құжаттарды бөлім басшысына беруі;

- құжаттарды бөлім басшысының қарауы, құжаттарды бөлім маманына беруі;

- бөлім маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы және жетім балаға (жетім балаларға), ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)  қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеуі және анықтама дайындауы;

- бөлім басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы;

- бөлім басшысының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы.

Портал арқылы:

  • жеке тұлғаның «Жеке кабинетке» кіруі
  • ЭҮП АЖ
  • Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
    қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу
  • Көрсетілетін қызметті берушінің қарастыруы
  • Анықтама беру
  • Жеке тұлғаның «Жеке кабинетте» анықтаманы алуы
  •  

7

Қажетті құжатта

көрсетілетін қызметті берушіге:

- жеке адамның аудандық, қалалық бөлімдер, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың білім басқармалары басшыларының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші;

- егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

- қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

- егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;

- көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;

- некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі (егер некеге тұрған болса);

- бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі;

- баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;

- баланың оқу орнынан анықтама;

- аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет.

порталға:

- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

- осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі;

- егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;

- көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;

- некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігінің (егер некеге тұрған болса) электрондық көшірмесі;
- бала 2007 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

- баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің электрондық көшірмесі;

- баланың оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;

- аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

 

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Тегін

 

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесеқорғаншылық белгілеу туралы анықтама

 

 

11

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген)

 


Дата редактирования: 30 Мая 2016 12:12

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»