В Осакаровке:  -4°C , Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қарағанды облысының қалалық және аудандық білім бөлімдері

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке  тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағазтүрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Қарағанды облысының қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді

6

Қажетті құжаттар

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат;

4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.

7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

тегін

8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

10 жұмыс күні;

 

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша 10-тармақта қарастырылған негіздер бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындауда тағайындау туралы шешім

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы

 


Дата редактирования: 30 Мая 2016 09:13

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»