В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  атауы

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қарағанды облысының қалалық және аудандық білім бөлімдері

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке  тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

қағаз жүзінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Қарағанды облысының қалалық және аудандық білім бөлімдері

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

көрсетілген қызметті алушының құжаттарын қабылдау және кіріс құжаттары журналына тіркеуі және құжаттарды бөлім басшысына беруі;

құжаттарды бөлім басшысының қарауы, құжаттарды бөлім маманына беруі;

бөлім маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы және қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама дайындауы

Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық форматта рәсімделіп, қағазға басып шығарылады және бөлім басшысының мөрі және қолымен расталады;

бөлім басшысының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы

7

Қажетті құжаттар

көрсетілетін қызметті алушының ата-анасынан (заңды өкілінен) өтініш (еркін нысанда);

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленуші балалар үшін – қамқоршылық (қорғаншылық), патронаттық тәрбиені бекіту туралы;

мүгедек балалардың мүгедектігі туралы анықтамалардың (болған жағдайда) көшірмелері;

аз қамтылған отбасы болып табылатындығын растайтын мәліметтер: өтініш берушінің (отбасының) ағымдағы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатындығын растайтын анықтамалар не өтініш берушінің (отбасының) алдыңғы тоқсанда алынған орташа кірістері туралы мәлімет (жалақы және әлеуметтік көмек түрінде алатын кірістері; кәсіпкерлік қызмет және басқа да қызмет түрлерінің кірісі; балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кіріс; мал мен құстарды, бау-бақша, егін шаруашылығын ұстауды қоса алғанда жеке қосалқы шаруашылығы – үй жанындағы шаруашылығының кірістері), жан басына шаққандағы орташа табысының өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін растайтын анықтамалар;

даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардыңмедициналық қорытындысының көшірмелері;

көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда)

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

ақылы

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама

11

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11184 болып тіркелген) бекітілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 


Дата редактирования: 30 Мая 2016 09:56

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»