В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу

1

Наименование

государственной услуги

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының ветеринария станциясы КМҮ

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағазтүрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Осакаров ауданының ветеринария станциясы

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

чиптер үшін ақы төленгені туралы түбіртек;

2) ірі қара малдағы сырғалар жоғалған/бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін:

сырғаның телнұсқасын алуға  өтініш;

чиптер үшін ақы төленгені туралы түбіртек;

жануар паспортының көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі (сырғалау). «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару жүзеге асырылады.  Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушықұжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;

2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет (телнұсқаны алу)  жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чип салу) жануарларға жеке нөмір беру.

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы Министрінің  2015 жылғы 06мамырдағы  №7-1/418бұйрығы

 


Дата редактирования: 30 Мая 2016 12:43

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»