Мемлекеттік қызметтің атауы
|
Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру
|
Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар
|
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;
2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың не өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектілерін басқару органдарымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің күндізгі және түңгі бейнеленуін қамтитын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдер;
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
порталға:
облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі – электрондық түрдегі құжат.
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың не өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектілерін басқару органдарымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің күндізгі және түңгі бейнеленуін қамтитын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдер – электрондық түрдегі құжат;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
|