Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыруға рұқсат беру
1 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы |
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыруға рұқсат беру» |
2 |
Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган |
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі |
3 |
Көрсетілетін қызметті алушылар |
Жеке және заңды тұлғалар |
4 |
Көрсетілетін қызметтің нысаны |
қағаз түрінде |
5 |
Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны |
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі |
6 |
Қажетті құжаттар |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 3) ауыл шаруашылығы алқаптарын құнсыздау бір түрден құндылау екіншісіне ауыстыру кезінде ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті облыстық келісім беруші органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазбахат; - суарылмайтын егістік алқаптарын құнсыздау өзге түріне ауыстыру кезінде ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті облыстық келісім беруші органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазбахат; 4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыруға көзделген жерлердің экспликациясы; 5) өзге түрге ауыстыруға көзделген ауылшаруашылығы алқаптарының орналасқан жері көрсетілген, олардың аумағы, пайдаланудың түрі, ауыстырылу себебі және далалық зерттеусызбасытрансформациялауға жататын анықталған ауыл шаруашылығы жерлерін көрсете отырып, келісім беруші мемлекеттік органдар өкілдері және бұл жерлерді пайдаланушы барлық мүдделі жер пайдаланушылар (иелері) қол қойған далалық зерттеу актісі; 6) жер учаскелерінің сапалы сипаттамасы; 7) негізгі мелоративтік қорды одан әрі пайдалануға жарамайтындығы туралы акті тіркелген, суару торабының техникалық жай-күйі, жалпы баланстық құны мен тозған сомасы көрсетілген мәліметтер. |
7 |
Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін |
8 |
Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі |
30 (отыз) күнтізбелік күнінде |
9 |
Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру туралы қызмет көрсетушінің рұқсаты немесе қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы. |
10 |
Нормативтік құқықтық актілер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығы |
Дата редактирования: 14 Июля 2016 16:59