В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру

1

Мемлекеттік кызметтің атауы

«Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі

6

Қажетті құжаттар

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;

4) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясы;

5) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсi және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісі;

6) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасы;

7) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер.

порталда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім;

2) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазбаның электрондық көшірмесі;

3) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясының электрондық көшірмесі; 

4) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсiнің электрондық көшірмесі және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісінің электрондық көшірмесі;

5) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасының электрондық көшірмесі;

6) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды оның әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

1) қабылдау, тіркеу, талон беру, не берілетін құжаттар тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері) – он бес минуттан аспайды;

2) қарар қою (басшы) – бір жұмыс күні ішінде;

3) жауапты орындаушыны айқындау (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы) – үш сағат ішінде;

4) материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жіберу (жауапты орындаушы) – жиырма алты жұмыс күні ішінде;

5) материалдарды жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жіберу (облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының қызметкері) – жиырма жұмыс күні ішінде;

6) ұсынылған құжаттарды қарастыру (орталық уәкілетті орган) – отыз жұмыс күні ішінде;

7) қаулы жобасын әзірлеу, келісу (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері) – сегіз жұмыс күні ішінде;

8) қаулы қабылдау (облыс әкімдігі) – үш жұмыс күні ішінде;

9) көрсетілетін қызметті алушыға жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (кеңсе қызметкері).

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы.

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы

 


Дата редактирования: 14 Июля 2016 17:04

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»