В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының ветеринария бөлімі

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз және электронды түрде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Мемлекеттік қызметтi ветеринария бөлімінде көрсетеді

6

Қажетті құжаттар

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;

ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түпнұсқаларының шынайылығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алу мүмкіндігі болған кезде жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну талап етілмейді.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,  мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша түрдегі келісімін алуға міндетті;

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес электрондық түрдегі мәліметтер нысаны түріндегі ақпарат;

3) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады.

7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға және нормаларға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

2) анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсынымдар бере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға және нормаларға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық форматта ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 бұйрығы

 


Дата редактирования: 30 Мая 2016 14:48

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»