В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ХҚКО,  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық және (немесе) қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ХҚКО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

5) банкте шоттың болуы туралы құжат;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;

порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;

психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орны анықтамасының электрондық көшірмесі;

жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу

7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы «28» сәуірдегі   №279 бұйрығымен бекітілген

 


Дата редактирования: 31 Мая 2016 11:00

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»