В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілітті орган);

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлға.

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

электрондық және (немесе) қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

1)Уәкілетті органда  немесе орталықта

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық

3);www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Құжаттарды Орталықта «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

 Құжаттарды уәкілетті органда қабылдау уәкілетті органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады

7

Қажетті құжаттар

уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі;

2) көрсетілетін қызметті алушының белгіленген  нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі;

орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) белгіленген нысанға  сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі;

3) көрсетілетін қызметті алушының белгіленген  нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі;

портал арқылы өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы тармақта көзделген құжаттардың негізінде толтырылған электронды өтініште көрсетілген мәліметтерді растау үшін  сұрауды жүзеге асырады.

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну үрдісінің сипаттамасы

1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері қызмет алушыдан алынған құжаттарды тіркейді және басшыға қарауға береді – 2 минуттан аспайды;

2) қызмет көрсетушінің басшысы құжаттарды қарап, жауапты орындаушыға тапсырма береді – 2 минут;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы анықтама ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлейді, содан кейін басшыға қол қоюға береді – 3 минут ішінде;

4) қызмет көрсетушінің басшысы анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және кеңсеге жолдайды – 1 минут;

5) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін береді – 2 минут.

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

уәкілетті органда:

1)        өтініш білдірген және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырған күннен бастап 10 минуттың ішінде;

2)        көрсетілетін қызметті алушы құжаттар тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты кезектегі адамдардың санына байланысты, бір көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсету - 10 минуттан аспайды;

3)        көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 10 минуттан аспайды.

орталықта:

1)        өтініш білдірген және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырған күннен бастап (құжаттарды қабылдау және беру күндері қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) үш жұмыс күні ішінде;

2)        көрсетілетін қызметті алушы құжаттар тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты кезектегі адамдардың санына байланысты, бір көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсету - 30 минуттан аспайды;

3)        көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 30 минуттан аспайды.

порталда:

электрондық өтінішті уәкілетті органда тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

11

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) уәкілетті органда немесе орталықта:

жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Анықтаманы беру көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе орталыққа өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмеген жағдайларда:

уәкілетті орган оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді;

2) порталда:

жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама не электронды цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде анықтама қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі

12

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы «28» сәуірдегі   №279 бұйрығымен бекітілген.

 


Дата редактирования: 31 Мая 2016 17:32

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»