В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатын аз қамтамасызетілген отбасылар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ХҚКО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

өтініш пен қажетті құжаттарды ұсыну;

өтінішті қарастыру;

ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама беру

7

Қажетті құжаттар

өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну үрдісінің сипаттамасы

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады

қараудан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округ әкімі жауапты орындаушыға тапсырма береді:

көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын және рәсімдеу дұрыстылығын тексереді, ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы рәсімдейді, басшының немесе ауылдық округ әкімінің қол қоюына жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округ әкімі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамаға қол қояды және кеңсеге жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімінің кеңсе қызметкері ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге не ауылдық округ әкіміне көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап    15 минуттан аспайды;

ХҚКО-ға – 3 (үш) жұмыс күні (құжаттарды ХҚКО-ға қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан асырмай есептегенде, кезектегі адамдардың санына байланысты;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут

11

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама

12

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы «28» сәуірдегі   №279 бұйрығымен бекітілген.

 


Дата редактирования: 10 Июня 2016 10:27

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»