В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеy

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеy

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және есту кемістігі бар мүгедектер

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш пен қажетті құжаттарды ұсыну;

құжаттарды тіркеу және оларды қабылдағаны туралы талон беру;

өтінішті қарастыру;

жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынумерзімдерін көрсете отырып құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

 мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

 мүгедектігі туралы анықтама

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну үрдісінің сипаттамасы

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды тіркеп, басшының қарауына жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырып, жауапты орындаушыға тапсырма береді;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы хабарлама ресімдейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қойып, кеңсеге жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде:

көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан есептегенде, кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды

11

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынумерзімдерін көрсете отырып құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

12

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы «28» сәуірдегі   №279 бұйрығымен бекітілген.

 


Дата редактирования: 10 Июня 2016 10:29

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»