В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар;  тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар; психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер; бірінші және екінші топтағы мүгедектерді,  егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз жалғыз басты адамдар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз жүзінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

- көрсетілетін қызметті алушыдан  құжаттарды қабылдап және тіркеуді жүзеге асыру;

- басшының құжаттарды қарауы;

- хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу

 

7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;

баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);

зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмелері

 

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібi

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну үрдісінің сипаттамасы

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдап, тіркейді және басшының қарауына жолдайды

2) қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыға тапсырма береді 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды ресімдеудің толықтылығын және дұрыстылығын тексереді, содан кейін хабарлама ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындап, көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қоюға ұсынады

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойып, кеңсеге жолдайды

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

 

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

1)  көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап17 (он жеті) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты кезектегі адамдардың санына байланысты – бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген  ең ұзақ уақыты – 30 минут.

11

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

12

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»            № 279 бұйрығы

 


Дата редактирования: 10 Июня 2016 10:41

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»