В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2016 жылдың 1-жарты жылдығындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпарат

Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі  

2016 жылдың 1-жарты жылдығындағы

 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

жұмысы туралы ақпарат

 

1. Жалпы ережелер

 

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 87 түрін көрсетеді:

  1. Кенттер және ауылдық округтердің әкім аппаратары - 3;
  2. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ - 1;
  3. «Осакаров ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ, ТҮИ бөлімі» - 2;
  4. Осакаров ауданының ветеринария станциясы  – 2;
  5. «Осакаров ауданының ветеринария бөлімі» ММ - 2;
  6. «Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» - 5;
  7. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» - 7;
  8. Осакаров ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі – 9;
  9. «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ - 13;
  10. «Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ - 25;
  11. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» - 18.

2016 жылдың 1-жарты жылдығы ішінде 16771 қызмет көрсетілген, соның ішінде Мемкорпорация арқылы көрсетілген 1356 қызмет, «Электронды үкімет» порталы арқылы - 317. Аул шаруашылығы саласы бойынша барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» - 6423 қызмет, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»  – 2222 қызмет көрсетілді.

Тегін негізде - 73, ақылы негізде - 7, тегін/ақылы - 7 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жүзеге асырылады. 

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі мен аудан мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

Шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолайлы болуы үшін Мобильдік ХҚКО құрылды. Мобильдік ХҚКО – қажетті техникамен жарақтанған және ИИС ЦОН мәліметтер базасы мен «Электронды үкімет» порталына қолжетімді арнайы жабдықталған көлік. Мобильдік ХҚКО шалғай елді мекендерде тұратын азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мобильдік ХҚКО бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді.

Сонымен қатар қызмет алушылардың құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі, оның аясында 6 семинарлар, кеңестер өткізілді, 7 ақпараттық материалдар жарияланды. 

«Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептері бекітілген ережеге сәйкес аудан әкімшілігінің www.osak-akimat.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

Бірінші кезекте назар мемлекеттік қызмет үдерісін автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына аударылады. Есептік жылда «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 104 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Электрондық үкімет» порталынан келіп түскен өтініштер уақытында өңделген. Аудан  әкімі аппаратында Электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі модулі және ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бұзылуы жөніндегі мониторинг жүргізіледі. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда ЭҮАШ және ХҚКО ЫАЖ жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ актілер жолдайды.

2016 жылдың 18 сәуірден 16 мамырға дейін мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға 15 мемлекеттік қызметшілер жіберілді.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2016 жылдың 19 мамыр айында Осакаров ауданы бойынша «2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатында аудан әкімі аппаратында меморгандары ай сайын мониторингтау жүргізіледі.

Есепті кезенде мерзімдін олқылық  жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті Мемкорпорация арқылы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады. 2016 жыл бойынша жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

 

Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 


Дата редактирования: 13 Июля 2016 15:30

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»