В Осакаровке:  15°C , Влажность 29%, Давление 716, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

16 Тамыз 2019
Қарағанды облысында жыл сайын өтетін «Арай» спартакиадасы басталды

 

Қарағанды облысында «Арай 2019» қалааралық ХIV жазғы спартакиада өтуде. Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі Шахтинск стадионында өтті.
Спартакиада алауын спорттық акробатика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» республикалық жобасының жеңімпазы Никита Амоскин жақты.
- Бұл дәстүрлі жарыстар Спорт күні қарсаңында өтетіні қуантады, - деп атап өтті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. - Қарағанды өңірі өзінің спорттық тарихын және даңқты дәстүрлерін мақтан тұтады. Біздің облыста әлемдік ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және салмақты жеңістерге қол жеткізген атақты чемпиондардың тұтас шоғыры тәрбиеленді.
«Арай» спартакиадасы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында шараның белсенділгі бірнеше есе арта түсті. Биыл жеңіс туын жаулап алу үшін тоғыз қаланың 700-ге жуық қатысушысы күресетін болады. Олар спорттың 12 түрі бойынша сынға түседі: волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, пауэрлифтинг, президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, армрестлинг, жеңіл атлетика. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар, дипломдар мен грамоталар алады. Қазақ күресінен абсолюттік салмақ дәрежесінде мықты балуанға жеке сыйақы беріледі.
Кәсіби мереке қарсаңында Қарағанды спортының өкілдері наградалармен марапатталды.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен келесі спортшылар марапатталды:
«Жеңіл атлетика ОМОРБЖСМ» КМҚК жаттықтырушы-оқытушысы Николай Барсанов;
Қаражал қаласының бокст жаттықтырушыс, № 10 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рымғали Мұздыбаев.
«Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «ЗАККАР» қазақ күресі бойынша спорт клубы» ЖШС директоры Абай Зікіров марапатталды.
ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің Құрмет грамоталарын алғандар:
Техникалық спорт түрлері және техникалық шығармашылық бойынша облыстық мектептің оқытушысы Сергей Оконечников;
«Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушысы Евгений Егоров;
Спортшы-нұсқаушы Абдулкәрім Қараман;
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің бас маманы Алтынай Алақаева.
Бірқатар спорт қайраткерлеріне облыс әкімінің және дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хаттары табыс етілді.


Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша

 

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»