В Осакаровке:  15°C , Влажность 29%, Давление 716, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

10 Қыркүйек 2019
5000-нан астам қарағандылық латын қарпімен диктант жазды

Бүгін елімізде латын графикасы негізінде қазақ тілінде «2019 jyl – Jastar jyly» атты жалпы қазақстандық ашық диктант өтті. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы Жастар жылына арналды.
Диктант бір уақытта Нұр-Сұлтан қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында және республиканың барлық аймақтарында жазылды. Қарағанды облысында жалпы республикалық акцияға 5000-нан астам адам – студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қолдау көрсетті. Қатысушылар Қарағанды қаласының Достық үйінде, оқу орындарында, аймақтық кітапханаларда жиналды.
- Диктант жазу қиын емес еді. Достық үйінің лингафондық кабинетінде қазақ тілін оқимын. Бұл жобаға екінші рет қатысудамын. Ақпараттық технологиялар ғасырында біз уақыт өте келе алға жылжуымыз керек. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы. Бұл қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруына, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және оның болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыстық украиналық Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» орталығының төрайымы Зеновия Красивская.
Жобаның мақсаты – жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға жәрдемдесу, халық пен қоғамды біріктіретін фактор ретінде мемлекеттік тілді үйренуге деген уәждемені арттыру.
Диктантты мамандар тексереді. Үздік қатысушылар ҚХА алғыс хаттарына ие болады.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»