В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

22 Қыркүйек 2019
Қарағандыда Kúzdik Jarty Marathon жартылай марафоны өтті

Қарағандыда алғаш рет күзгі жартылай марафон өтті. Kúzdik Jarty Marathon жүгірісіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Норвегия, Польша және Ресейден келген 2000-ға жуық адам қатысты.
Жартылай марафон бағдарламасына үш қашықтық кірді: 21 шақырым 97,5 метр, 14 шақырым және 7 шақырым.
Жүгірушілер Тәуелсіздік алаңында бастау алып, үлкен шеңберден соң қайта сол жерде мәреге жетті. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жүгірудің басталуына белгі берді. Мәреден кейін ол 7 шақырым қашықтықтағы бірінші жеңімпаз атанған ең жылдам қыздарға медальдар мен грамоталарды табыс етті.
Жартылай марафонның қатысушылары трассаны еңсергенше, көрермендер мен қонақтар спортшылардың түрлі көріністерін көре алды. Тәуелсіздік алаңында спорттық-концерттік шоу ұйымдастырылды.
Ерлер арасындағы басты жарыста қарағандылық Вячеслав Слободенюк жеңімпаз атанды. Ол күзетшіболып жұмыс істейді, жүгіру - оның хоббиі.
- Жұмыстан кейін кешке жүгіруге шығамын. Алдымен 14-15 шақырымнан жүгіріп жүрдім, қазір 30 шақырым жүгіремін. Бізде жүгіру әуесқойларының бір топ компаниясы бар, онда 23-47 жас аралығындағы алты адам бар, - дейді Вячеслав Слободенюк.
Мамыр айында ол Аrmanga Jol жартылай марафонына қатысуға ниетті.
Әйелдер арасында басты қашықтыққа жүгіруде бірінші болып Нұр Сұлтаннан келген Әсел Құспанова мәреге жетті.
Барлық қатысушылар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Алдағы уақытта күзгі жартылай марафон жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»