В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

30 Қыркүйек 2019
Қарағанды облысындағы ауылдар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде

Қарағанды облысында ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндеті шешілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда. Оптикалық байланыс желілері шалғай ауылдарға тартылуда.
Жоба облыстың 52 елді мекенін қамтиды, деп хабарлады ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Рустам Байжанов.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 32 ауыл тұрғындары кең жолақты интернетке қол жеткізеді. 2020 жылы жобаны іске асыру жалғасады.
Баяндамашы сондай-ақ сымсыз жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету туралы айтып өтті.
- Ағымдағы жылдан бастап 2021 жылдың соңына дейін облыстың 146 елді мекені мобильді байланыспен және 4 буынды LTE (4G) интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл біздің облыстың 123 мың тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін жобаның келесі кезеңін іске асыруды жоспарлап отыр.
Бүгінде облыстың барлық білім беру мекемелерндеі кең жолақты интернет қолжетімді болып отыр, деп атап өтті басқарма басшысы. Денсаулық сақтау саласында да мәселе шешілу барысында.
- Бүгінгі таңда Қарағанды облысы халқының 98% кең жолақты жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізе алатын денсаулық сақтау объектілеріне тіркелген. Бұл саланы 100 пайызға қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілуде. МЖӘ жобасы шеңберінде ауылдық денсаулық сақтау объектілері серіктік интернетке қосылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық денсаулық сақтау нысандары сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі, - деп түсіндірді Рустам Байжанов.


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»