В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

30 Қыркүйек 2019
Қарағандылық дәрігерлер Өзбекстан азаматын қауіпті инфекциядан аман алып қалды

Қарағанды қаласындағы инфекциялық ауруханада ем алған Өзбекстан тұрғыны кейін аталмыш медицина мекемесіне келіп, дәрігерлерге алғысын айтты. 19 жастағы науқас ауыр халде реанимацияға түскен болатын. Оған сіреспе диагнозы қойылды. Бір айға жуық уақыт бойы қарағандылық дәрігерлер оның өмірі үшін күрескен.
Шохрух Тошпулатов Қарағандыға маусым айында келген. 10 күннен кейін ол ауыр тырысулар мен қатты ауырсынуды сезінген. Кейін анықталғандай, ол өз елінде табанын шегемен жаралап алып, медициналық көмекке жүгінбеген.
25 маусым күні жас жігіт Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды. Емдеу 29 күнге созылды. Пациентке тырысқаққа қарсы сарысу және антибиотиктер егілді, тырысуға қарсы және симптоматикалық ем жүргізді. Шохрух 2 апта бойы өкпені жасанды желдету аппараты арқылы дем алды.
- Бұл ауру тері жамылғысының жарақат алуы, шаң, кір түсуі кезінде дамуы мүмкін. Егер адам егілмеген болса, ол сіреспені жұқтыру ықтималдығы көп. Уақытты жіберіп алмау өте маңызды - сондықтан инфекциялық ауруханада үздік мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді және емдеудің белгілі бір тактикасы жасалды, - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
Ауруханадан шыққаннан кейін Шохрух Тошпулатов үйіне оралып, бірнеше ай өткен соң Қарағандыға қайта оралды. Ол өмірін ажалдан арашаларп қалған медицина қызметкерлеріне алғысын білдіру үшін арнайы келген екен.
- Бөлім меңгерушісі Айнагүл Сарамановаға және реаниматолог дәрігер Артём Вирцке жоғары біліктілігі және емделушілерге деген ыстық ықыластары үшін үлкен рахметімді айтамын. Менің осы кісілерге деген алғысым шексіз. Олар менің өмірімді сақтап қалды, - дейді Шохрух Тошпулатов.
Жыл сайын 160 мыңнан астам адам сіреспе ауруынан көз жұмады. Тіпті дамыған елдерде емдеудің ең заманауи әдістерін қолданған жағдайда да ауруханаға жатқызылған науқастардың 30-60% қайтыс болады. Қажетті мөлшерде сіреспеге қарсы сарысуы жоқ өңірлерде өлім-жітім 80%-ға дейін жетеді.
Медиктер сіреспе дертін 4 формаға бөледі: шұғыл, өткір, өткір түрге жақын, созылмалы. Мамандардың айтуынша, сіреспе ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі - ерте жастан бастап жүргізілетін профилактикалық екпелер жасау.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»