В Осакаровке:  -17°C , Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

12 Қазан 2019
Қарағанды облысында жаппай ағаш отырғызу науқаны өтті

Қарағанды облысында бір күнде 6 500 жасыл желек пайда болды. Қала мен аудандардың мыңдаған тұрғыны ағаш отырғызу бойынша Республикалық акцияға қатысты.
Қарағандыда салынып жатқан триатлон-парк аумағын көгалдандыру туралы шешім қабылданды. Бүгін мұнда 1500 қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылды. Оларды егуге облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыстық басқармалар басшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, триатлон-парк «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Көгілдір тоғандар» мен Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарының аралығында салынуда. Бұл нысан жеке құрылыс компаниясының қалаға жасап отырған сыйлығы. Жобаның бастамашылары «Триатлон паркін бірге құрамыз» акциясын жариялады. Мұнда кез келген адам өз ағашын отырғыза алады. Аумақты көгалдандыру үшін қарағай, қайың, жөке, шаған ағаштары таңдалды.
- Акцияның мақсаты – өңірді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыру. Біз әрбір ағашты, әрбір бұтаны бағалауымыз керек. Экологиялық сенбілікке үш мыңға жуық адам қатысты, - деді Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев. –Осындай акциялар Қарағанды саябақтары мен гұлзарларында, облыстың басқа қалалары мен аудандарында өтеді.
Мұнда футбол, тренажер және street workout алаңдары жабдықталған. Көлдің айналасында жүгіру және велосипед жолдары жасалды.
Ал Олимпиадалық Даңқ аллеясында алғашқы төрт жұлдыз пайда болды. Оларды атақты спортшылар: Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Дмитрий Карпов, Эльмира Сыздықованың құрметіне орнатты.
Триатлон паркінің құрылысы жалғасуда. Алдағы уақытта баскетбол, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша жаңа спорт алаңдарын жабдықтау жоспарлануда.
Болашақта мұнда триатлоннан әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге болады.
Нысан тапсырылғаннан кейін Мәдениет, демалыс саябақтарын және гүлзарлар басқармасының балансына беріледі.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»