В Осакаровке:  -17°C , Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

12 Қазан 2019
Жеңіс Қасымбек Саран қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты

Саран қаласында кәсіпкерлер саны артты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке оның қалаға жұмыс сапары кезінде мәлімделді.

2018 жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнестің даму деңгейі 3.4%-ға өсті. Қаланың бөлшек сауда айналымының көлемі де артып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 107% құрады.
Жеңіс Қасымбек бұл жақсы көрсеткіш екенін атап өтті. Оларды жақсарту үшін одан әрі жұмыс істеу керектігі айтылды. Алайда сумен қамтамасыз ету және жылумен жабдықтау желілерінің жағдайы, қоғамдық көлік жұмысының сапасы және тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу секілді көп жылғы проблемалар туралы да ұмытпау керектігі тілге тиек етілді.
Мысалы, Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов су құбыры желілерінің тозуы мұнда 75% – ға, кәріздік желілердің тозуы 85% - ға дейін жеткенін баяндады.
Жеңіс Қасымбек бұл мәселелерді жоюға барынша қолдау көрсетілетініне, сондай-ақ қаланы қосымша қаржыландыру нұсқаларын қарастыруға уәде берді.
Саран қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бес қабатты үйдің құрылысы аяқталатын алаңда болып қайтты. Өңір басшысына жұмыстар мерзімге сай жүріп жатқаны, құрылысшыларда ешқандай проблема туындамағаны туралы баяндалды. Сондай-ақ, оған жұмыста пайдаланылған барлық материалдар – қазақстандық өндіріс екендігін хабарлады.
Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек қалада тұрғын үй құрылысы жүргізілме жатқанын атап өтті. Облыс әкімі бұл бағытта белсенді жұмыс жасауды тапсырды. Пәтер алу кезегінде қазіргі таңда 1300-ге жуық адам тұр.
Аймақ басшысы бірнеше кәсіпорындарды ралап, қала активімен кездесті. Қоғамдық көлік пен қазандықтардың жұмысы секілді өзекті мәселелерді қозғаған депутаттар мен жұртшылық сұрақтарына жауап берді. Жеңіс Қасымбек бұл мәселелерді шешу бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауға уәде берді.
Сапар соңында облыс әкімі қала басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуды тапсырды.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»