В Осакаровке:  -11°C , Влажность 38%, Давление 727, ветер 3 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

14 Қазан 2019
Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өсті

Қарағанды облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген бағыттары бойынша ілгері басып келеді. Құрылыс көлемі екі есе өсті. Инвестиция тарту 1,8 есеге артты.
Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиналыста 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды.
- Негізгі көрсеткіштер өсті. Өнеркәсіп өнімі 1 трлн 916 млрд теңгеге өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары. Өңдеу саласында түсті металлургия (12,3% - ға), фармацевтикада (64,5% - ға), азық-түлік өндірісінде (0,6% - ға) өсім байқалады, - деп хабарлады Экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әбішева.
Тау-кен өнеркәсібінде өнім көлемі 12,8%-ға өсті. Облыста металл кендері мен түсті металдар көп өндіріледі.
Тұрғын үй құрылысы өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 3,2%-ға өсті.
Жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ға дейін төмендеді.
Жалпы, жыл қорытындысы бойынша экономиканың 5,2%-ға өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр, деп атап өтті баяндамашы.
- Жалпы облыстың 9 айдағы көрсеткіштері жақсы. Инвестиция тарту, құрылыс бойынша олар орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. Бұл қарқынды сақтау керек. Жыл соңына дейін барлық жоспарланған индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету қажет, - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Ол өңдеу өнеркәсібіндегі жағдайды ерекше бақылауда ұстауды, сондай-ақ инвестиция тартуды тапсырды.

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»