В Осакаровке:  -17°C , Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

14 Қазан 2019
Қарағанды облысында егін ору науқаны аяқталды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны аяқталды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі бір гектардан 10,5 центнерді құрады.
Қарағандының шаруалары 647,7 мың тонна бидай жинады. Картоптың өнімі 270 мың тоннаны құрады, 42 тоннаға жуық көкөніс жиналды.
Егін жинау қорытындысы туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста мәлімделді.
Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінгені атап өтілді. Тағы екі мың тонна солярка астық кептіруге беріледі.
Күзгі егіс жұмыстары жалғасуда. Қазір сүдігер жырту басталды.
- Астықтың резервтік қорын қалыптастыру, ішкі нарықта тұрақтандыру үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰКАҚ сапалы көрсеткіштеріне байланысты 3-ші классты бидайдың тоннасын 70-тен 76 мың теңгеге дейін бағаға (ҚҚС-ты ескере отырып) сатып алатынан жариялады. Облыстан 54,3 мың тонна бидай тапсыру жоспарлануда. Қазір бұл көлем өндірушілер арасында бөлінеді, - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов.
Жиналыста мәлімделгендей, нанның бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорына 100 тонна ұн сатып алынған. Қосымша тағы 400 тонна сатып алу жоспарланып отыр.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек баға мәселесін бақылауды тапсырды.
- Жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталады. Адамдар өнімдер қорын қалыпты бағамен толықтырып алулары үшін қала тұрғындарын уақытылы ақпараттандырыңыздар, - деді аймақ басшысы.
Қарағандыда «Ауыл-Береке 2019» жәрмеңкесінің маусымы 19 қазанда басталады. Жергілікті өнім өндірушілердің тауарлары бар сауда шатырлары Олимпийская көшесіндегі алаңда («Шахтер» стадионының артында) орнатылады.
Осындай жәрмеңкелер серіктес қалалар мен аудан орталықтарында да өткізіледі. Олар халық арасында танымал. Адамдар ет пен көкөністерді нарықтық құннан 10-15% төмен бағамен сатып алуға тырысады.
Өнімдер тапшылығы болмайды. Осы маусымда ауылдықтар 1800 тоннадан астам өз өнімдерін сатуға дайын. Жәрмеңкеде 230 тоннадан астам ет, 1100 тоннадан астам картоп, 340 тонна көкөніс сату жоспарлануда.
Жыл басынан бері облыста 625 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, онда 6000 тонна өнім сатылды.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»