В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

30 Қазан 2019
Жаңаарқа ауданында екі балабақша ашылды

Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде "Балауса" және "Дәрия" деп аталатын екі жаңа балабақша ашылды. Олар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша ашылған.

"Балауса" балабақшасының ерекшелігі - ол кешке, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Балабақша қызметкерлері баланы үйге алып кете алады. Мектепке дейінгі мекеме 100 орынға есептелген. Оның ашылуы 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.
- Жобаның құны 30 миллион теңгені құрайды. Оның 5 миллионы - өз қаражатым, ал қалған сомаға мен "Даму" Қорынан несие алдым, - дейді "Балауса" балабақшасының құрылтайшысы Бағдат Бекежанова.

Тағы бір жаңа балабақша 60 орынға есептелген. Жобаның құны 30 миллион теңге. Бұл құрылтайшы Әсем Орманалиеваның өз қаражаты.
- Балаларды дамыту - ел дамуының маңызды шарттарының бірі. Оларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету – жарқын болашақтың кепілі. Дәл осы мақсатта біздің "Дәрия" балабақшасы құрылды, - деді Әсем Орманалиева жаңа нысанның ашылу салтанатында. 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»