В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

30 Қазан 2019
Қарағандылықтарға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы айтылуда

Қарағандыда «Абзал» сауда үйінде акция ұйымдастырылды. Мұнда еріктілер қала тұрғындарына «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы әңгімелейді. Олар жобаға қалай қатысуға болатынын және кім өтінім бере алатынын түсіндіреді.

- Өтінімдерді қабылдау 1 қарашада аяқталады,осыған байланысты біз қарағандылықтарға олардың жобаға қатысуға соңғы мүмкіндігі бар екенін айтуды шештік. Біздің бүгінгі акциямыз кешке дейін жалғасады. Кез келген адам қызықтырған барлық ақпаратты ала алады. Біздің еріктілер қатысушыларды тіркеу рәсімін де түсіндіреді, - дейді «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалау кеңсесінің әкімшісі Дана Санаубаева.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына елде де, одан тыс жерлерде де тұратын 39 жасқа дейінгі кез келген азамат қатыса алады. Үміткерлердің қоғамдық қызметтегі, ғылымдағы, медицина мен спорттағы нақты жетістіктері қаралатын болады. Өтінімді қалдыру үшін 100janaesim.ruh.kz сайтына кіріп, сауалнаманы толтыру қажет.
Жобаның үшінші маусымы жас қазақстандықтардың жетістіктеріне арналады. Үміткерлер арасында спортшылар, медицина қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері бар.

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»