В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

30 Қазан 2019
Жол жөндеу, инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы - Жеңіс Қасымбек билік жұмысындағы басты басымдықтарды атады

Қарағанды облысында жаңа форматт өңірді дамытудың бесжылдық бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалауда тұрғындардың әл-ауқаты басты орынға қойылды. Алдағы жылдардағы басты басымдықтар тұрғын үй бағдарламасы, инфрақұрылымдық даму болмақ.
Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихатта өкен Nur Otan партиясының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басты құжаттарының бірі бес жылдық кезеңге арналған облысты дамыту бағдарламасы болып табылады. Тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін ол құжат өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды. Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған Даму Бағдарламасы бекітілді, - деді Жеңіс Қасымбек. - Мақсатты индикаторлар саны 126-дан 51-ге дейін айтарлықтай қысқартылды. Бағдарламаға халықтың табысы мен өмір сүру сапасын сипаттайтын индикаторлар енгізілген. Олар жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау үшін негізгілері болып айқындалған.
Облыс әкімі мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру» атты Жолдауында қойғанын атап өтті.
Мұндай тәсіл әрбір өңірдің облыс экономикасының дамуына қосқан үлесін жақсы бағалауға және мемлекеттік қызметшілердің нәтижелерге қол жеткізудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Отырыста партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өздерінің тексерулері туралы айтып берді. Мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдері әлеуметтік сала мен экономиканы көтеруге қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Мектеп оқушыларының тамақтануы, экология, жолдардың жағдайы туралы айтылды.
- Жолдарды жөндеу мен салуға барлық қалалар мен аудандардың бюджеттері еселеп ұлғаюда. Жергілікті желі бойынша келесі жылы 50 де 50 қағидатының арқасында республикалық бюджеттен артық қаражат аламыз. Облыс бойынша осы жылға қарағанда 30-40% артық соманы жолға жұмсауды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Облыс әкімі 2020 жылы Жезқазған – Қызылорда автожолын қайта жаңарту басталатынын айтты. Қазір ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Қарағанды-Жезқазған автожолын жөндеу көзделіп отырғанын жеткізді.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»