В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

01 Қараша 2019
Қарағандыда батыр Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтті

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтті. Оған бірінші қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның ӘӘК генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, батырлардың ұрпақтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

- Отанын жүрегімен шын сүйетін адам қорғайды, оның тарихын біледі және бағалайды, оған күнделікті еңбегімен пайда келтіруге тырысады. Сіздердің әрқайсыңыз Отанымыздың үлкен бөлігіне айналуын тілеймін, - деді Абзал Нүкенов форумдағы жас қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Форум сондай-ақ батырлар мерейтойын кең көлемде атап өттілуіне қорытынды жасады.
- Осындай форум біздің жастарымыздың патриотизмін дамытуға көмектеседі. Біз өз Отанымызды сүюіміз керек. Сол кезде Отанымыз бізді міндетті түрде сүйетін болады, - деді Тоқтар Әубәкіров.
Батырлардың ұрпақтары форум ұйымдастырушылары мен қатысушыларына Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың ерліктері ұмытылмайтыны үшін алғыс айтты. Осы жылы облыста мерейтойға арналған көптеген іс-шаралар өтті.
- Біз де, болашақ ұрпақтарымыз да өз өмірлерін бейбіт өмір сүру құқығы үшін берген батырларымыздың алдында борышкерміз. Біз олардың ерліктерін бағалауымыз керек және насихаттауымыз керек, - деді Нұркен Әбдіровтің немере інісі Нұрлан Байтуллин.
- Біз ағамызды мақтан тұтамыз, әкем бізге ол туралы көп айтып берді. Ол нағыз патриот болған. Менің ойымша, мұндай форумдар жастардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Осы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Барлықтарыңызға батырларды ұмытпай, олардың естеліктерін құрметтейтіндеріңіз үшін рахмет айтамын, - дейді Қазбек Нұржановтың немере інісі Оралхан Нұржанов.
Форум аясында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахнада «Тоқырауын толқыны» ансамблі, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері мен әртістері, музкомедия театрының әртістері және жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетті.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»