В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

04 Қараша 2019
"Қазақстанның 100 жаңа есімі": әлем чемпионы Никита Амоскин Шахтинск жастарымен кездесті

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, спорттық акробатика бойынша әлем чемпионы Никита Амоскин Шахтинск жастарымен өз жетістігінің тарихымен бөлісті. А. Ысмайылова атындағы балалар көркем-сурет мектебінде өткен мектепке спортшы өзінің ең жақын адамдарымен: анасы және әжесімен, жаттықтырушысы Ботагөз Байбақушевамен бірге келді.
Никита маңызды бастамасы, өз жоспарлары мен мақсаттары туралы әңгімеледі. 20 жасар жоба жеңімпазы құрдастарына қиындықтардан қорықпауға, арманға ұмтылуға және үнемі өсіп-жетілу үшін жұмыс істеуге кеңес берді. Ол өзінің әріптесі Анастасия Долганюкті мысалға келтіре отырып, командалық рухтың маңызды екенін атап өтті.
Қалауы болса, әрбір адам үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынына әлем чемпионы нық сенімді.
Никита Новодолинский ауылында дүниеге келген. Спортпен ерте жаста айналыса бастады. Алдымен грек-рим күресі секциясына барып, отбасылық кеңестің шешімімен спорттық акробатикаға көшті.
Чемпионның айтуынша, жоғары жетістіктерге жету жолы қиын болған. Көп еңбектеніп, күн сайын Қарағанды қаласына жаттығуларға баруға тура келді. Және қазірдің өзінде күнделікті кестесі қауырт болып қалуда. Никита спортты А.Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетіндегі оқуымен ұштастырады.
Жастар - еліміздің болашағы, деп атап өтті Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Қайыржан Тілеубергенов. Ол 2019 жыл Жастар жылы екенін еске салды. Әкімінің орынбасары Никита Амоскинге алғыс хат және естелік сыйлық табыс етті.
Никита Амоскин-халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ХДСШ), екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылғы спорттық акробатика бойынша әлем чемпионы. Спортшының қоржынында 60-тан астам жүлде бар. 2015 жылы әріптесі Анастасиямен бірге Азия чемпионатында жеке есепте 1 орын алды. 2016 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Никита халықаралық аренада елдің беделін арттыруда. Оның арманы - Олимпиада чемпионы болу.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»